Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021
жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2021 жылғы 18 қарашада №25208 болып тіркелді
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы
орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын
және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс
істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27
қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12
қарашадағы № 561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021
жылғы 18 қарашада № 25208 болып тіркелді
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
1-параграф. Біліктілік тестілеуін өткізу тәртібі
2-параграф. Эссе жазу тәртібі
3-параграф. Біліктілікті бағалауды өткізу тәртібі
4-параграф. Мемлекеттік қызметтік көрсету тәртібі
3-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі
1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі
3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру
тәртібі
4-тарау. Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының
орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын,
басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)
әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі
1-параграф. Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі
2-параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды өткізу тәртібі
4.Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді
басқару органдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау
үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен мынадай
біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:
"педагог" – білім беру
ұйымдарында;
"педагог-модератор",
"үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе
"басшы-ұйымдастырушы", "екінші біліктілік санатты басшының
орынбасары" немесе "басшы-менеджер",
"педагог-модератор" – әдіскерлер үшін – ауданның, облыстық
маңызы бар қаланың білім бөлімі органдарында;
"педагог-сарапшы" және
"педагог-зерттеуші", "бірінші біліктілік санатты басшының
орынбасары" немесе "басшы-көшбасшы", "педагог-сарапшы",
"педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" – әдіскерлер
үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді
басқару органдарында;
"педагог-шебер" – білім
беру саласындағы уәкілетті органның жанында.
5. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі
комиссияның құрамына кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, "педагог-зерттеуші"
немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтер,
оқу-әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру ұйымдарының
әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері,
білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары
кіреді.
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
7. Комиссия мүшелердің тақ санынан және кемінде жеті мүшеден тұрады.
Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
8. Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.
9. Салалық мемлекеттік органдардың білім беру
ұйымдарының педагогтерін аттестаттауды тиісті саладағы уәкілетті органның
Комиссиясы жүзеге асырады.
10. Конкурстық комиссияның хатшысы Комиссия
отырысына материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды, хаттаманы рәсімдейді
және оған қол қояды.
11. Комиссияның отырысы, егер оған оның
құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
12. Дауыс беру нәтижелері Комиссия
мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда
Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
13. Комиссия
отырыстарында аудио- немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио бейнежазба
аттестаттау рәсімін өткізген мемлекеттік органда кемінде үш жыл сақталады.
14. Тиісті деңгейдегі Комиссия
аттестатталушының құжаттарын жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылғы 5 мамырға
және 5 қарашаға дейін) қарайды.
2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
15. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
педагогтер үшін:
1) Біліктілік тестілеуі;
2) эссе;
3) біліктілік бағалауы;
4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық
жинақтау;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары,
басшының орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)
әдіскерлері үшін:
1) біліктілік бағалауы;
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық
жинақтау;
3) аттестаттау комиссиясының отырысында
қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау және
комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайда);
білім беру ұйымдарының және әдістемелік
кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:
1) Біліктілік тестілеуі;
2) біліктілік бағалауы;
3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық
жинақтау;
4) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін
көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау және комиссияның бағалауы
сәйкес келмеген жағдайда).
25. Біліктілік тестілеуінің уақыты:
"Математика", "Физика",
"Химия", "Информатика" пәндері үшін – екі жүз қырық
минутты;
"Мектепке дейінгі білім беру" және "Қосымша білім
беру" бағыттары үшін – жүз жиырма минутты;
өзге педагогтер үшін – екі жүз он минутты құрайды.
30. Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде тыйым салынған зат немесе ереже
бұзушылық анықталған жағдайда педагогке бес жыл (білім беру ұйымдарының
басшылары – үш жыл) мерзімге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейді. Педагогтің
біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін (басшы –
"білім беру ұйымының басшысы" біліктілік санатына дейін)
төмендетіледі.
2-параграф. Эссе жазу тәртібі
54. Тестілеу аяқталған соң педагог эссе жазады. Берілетін уақыт – 30 минут.
Қолданылатын сөз саны – 250-300 сөз. Жыл сайын эссе тақырыбын білім беру
саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Жазылған эссе педагогтің жеке
кабинетінде ngt.testcenter.kz сілтемесі бойынша көрсетіледі.
55. Жазылған эссе педагогтің жеке кабинетіне жолданады.
3-параграф. Біліктілікті бағалауды өткізу тәртібі
56. Педагогтерді біліктілік бағалауды білім беру ұйымдары жүргізеді және
құжаттардың осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген құжаттар тізбесіне сәйкестігін
қарауды қамтиды.
57. Қажетті құжаттар болмаған жағдайда педагог жетіспейтін құжаттарды 3
жұмыс күні ішінде әкеледі.
4-параграф. Мемлекеттік қызметтік көрсету тәртібі
58. Біліктілік тестілеуінің нәтижелері
бойынша педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін)
және біліктілік бағалауынан кейін одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі:
педагогтер үшін – осы Қағидалардың 3-тарауына
сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің
(орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарлары үшін – осы
Қағидалардың
4-тарауына сәйкес.
59. Педагогтерді аттестаттау бойынша
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі –
көрсетілген қызметті алушы) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және
Шымкент қалаларының Білім басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың білім бөлімдеріне;
немесе "Азаматтарға арналған
үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы арқылы;
немесе egov.kz. "электрондық
үкімет" веб-порталы арқылы өтініш ұсынады.
Өтiнiш № 338 бұйрықпен бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес санаттың өту
мерзiмдерi мен кезектiлiгiн сақтай отырып берiледi.
60. "Педагогтерді аттестаттаудан
өткізу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Министрлік, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың
және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері көрсетеді.
61. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің
сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында (бұдан әрі – стандарт) келтірілген.
62. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын
куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері
"электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық
жүйелерден алады.
63. Көрсетілетін қызметті алушы стандартта
көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу
мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Министрліктің, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары Білім басқармаларының, аудандардың
және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің жауапты қызметкері не
Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді немесе портал
арқылы жолдайды.
64. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің
кеңсесі, Мемлекеттік корпорация арқылы толық ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті
алушыға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайын құжаттардың
берілген күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі
немесе портал арқылы жолданады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін
қызметті алушының жеке кабинетіне дайын құжаттарды беру күнін көрсете отырып,
құжаттарды қабылдау туралы хабарлама келіп түседі.
65. Қалыптастырылған өтініштер (құжаттар
топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Министрлікке,
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына,
аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне жіберіледі.
66. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік
корпорация немесе портал арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды
қабылдау күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.
67. Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың білім бөлімдері арқылы құжаттарды қабылдау кезінде
ұсынылған құжаттардың толықтығы және көрсетілген қызметті алушының осы
Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы
Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды
қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
беріледі.
68. Кеңсе арқылы жүгінген жағдайда 63-тармақта көрсетілген іс-әрекеттер
құжаттар келіп түскен күні және Министрлікте, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы
және Шымкент қалаларының Білім басқармаларында, аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінде тіркелген күні жүзеге асырылады.
69. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Министрлік, облыстардың,
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың
және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері тарапынан Мемлекеттік
корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен
кешіктірмей жеткізеді.
70. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда дайын құжаттарды
беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өкілдің тиісті
өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына
сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін жеке басты куәландыратын
құжаттарды не цифрлық құжат, не оның өкілін көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
71. Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың
білім бөлімдері "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік
қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету
мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган
белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі
73. Біліктілік санаттарын берудің (растаудың)
өтініш берілген біліктілік санатына сәйкестігі рәсімін жүргізу үшін әрбір пән
бойынша немесе бағыт бойынша жеке Сараптама кеңесі (бұдан әрі – Сараптама
кеңесі) құрылады:
"педагог" біліктілік санатына
– құрамында басшының орынбасары, кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар,
"педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік
санаттары бар педагогтер, білім беру ұйымы кәсіподақ комитетінің мүшелері бар
білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі. Сараптама
кеңесінің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі;
"педагог-модератор" біліктілік санатына –
құрамында әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) кемінде 10 жыл еңбек өтілі,
"педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік
санаттары бар педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық
кеңестердің, білім беру саласындағы қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың,
кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің өкілдері бар, ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) деңгейінде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және
астананың, тиісті саланың уәкілетті органы (республикалық ведомстволық
бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін)
деңгейінде ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі.
Сараптама кеңесінің құрамы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім
беруді басқару органы, тиісті саланың уәкілетті органы басшысының
(республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік
органдардың білім беру ұйымдары үшін) бұйрығымен бекітіледі.
"педагог-сарапшы",
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатына – құрамында
әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, облыстың, республикалық
маңызы бар қалалардың және астананың білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл
еңбек өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер"
біліктілік санаттары бар педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық
кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс
берушілердің өкілдері бар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың, тиісті саланың уәкілетті органы (республикалық білім беру ұйымдары
мен мемлекеттік органдардың ұйымдары үшін) деңгейінде ұйымдастырылатын
Сараптама кеңесі. Сараптама кеңесінің құрамы облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың және астананың Білім басқармасы, тиісті саланың уәкілетті органы
басшысының (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық
мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) бұйрығымен бекітіледі.
"педагог-шебер" біліктілік санатына – құрамында ҚР
БҒМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары мен әдіскерлері,
кәсіподақтардың, тиісті саланың уәкілетті органдарының өкілдері, республиканың
білім беру ұйымдарының кемінде 10 жыл еңбек өтілі,
"педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік
санаттары бар педагогтері, біліктілікті арттыру ұйымдарының, қамқоршылық
кеңестердің, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, жұмыс
берушілердің өкілдері бар, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын Сараптама кеңесі.
Сараптама кеңесінің құрамы тиісті саланың уәкілетті органы басшысының
бұйрығымен бекітіледі.
74. Комиссия қызметтің нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау үшін
ұсынылған материалдарды осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтің портфолиосын қабылдау-табыстау
актісі бойынша жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылдың 5 мамырына және 5
қарашасына дейін) Сараптама кеңесінің қарауына жібереді.
75. Сараптама кеңесінің құрамына сараптама кеңесінің төрағасы мен
мүшелері кіреді. Сараптама кеңесі мүшелері тақ саннан, бірақ кемінде жеті
адамнан тұрады. Төраға Сараптама кеңесінің мүшелерінен сайланады.
76. Сараптама кеңесі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
сабақтарды/оқуларды бақылау парақтарын ескере отырып, осы Қағидаларға
12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға)
арналған педагогтердің портфолиосын бағалау өлшемшарттарына сәйкес біліктілік
санаттарын беруге (растауға) педагогтердің портфолиосын қарайды және бағалайды.
77. Сараптама кеңесі аттестатталушының қашықтықтан немесе күндізгі форматта
қатысуымен әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша портфолионы жеке қарайды және
бағалайды. Аттестатталушының қатысуымен портфолионы қарау 30 минуттан
аспайды. Бұл ретте аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио бейнежазба аттестаттау
өткізген ұйымның архивінде кемінде бір жыл сақталады.
78. Сараптама кеңесі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау
парақтарын және осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру
саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде (осы жылдың 5 маусымына және 5
желтоқсанына дейін) Комиссияға әрбір педагог бойынша өтініш берілген біліктілік
санатына сәйкестік/сәйкессіздік туралы, бір деңгейге төмен сәйкестік туралы
қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудың қорытындылары бойынша
ұсынымдар жібереді.
3-тарау. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі
1-параграф. Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі
79. Біліктілік санатын кезекті беруге:
"педагог" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе
өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен,
педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскен, Ұлттық біліктілік тестілеуінен
табысты өткен, сондай-ақ мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін адамдар:
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту
және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі; білім алушылардың психологиялық-жас
ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және
ұйымдастырады, білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны
әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға
қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен
оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын
меңгерген, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады;
"Педагогикалық этиканың кейбір
мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық
этиканың негізгі нормаларын сақтайды;
2) "педагог-модератор"
біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе
өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен
адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде екі жыл
педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог" біліктілік санатының
жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері
мен құралдарын қолданады;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе
жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы
уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымының, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға
қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары бар;
3) "педагог-сарапшы" біліктілік
санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе
өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен
адамдар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде үш жыл
педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-модератор" біліктілік
санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие
процесін талдау дағдыларын меңгерген;
өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде
әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды;
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе
жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы
уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала)
деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, облыс деңгейінде
конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары
бар;
облыс, ел телевидениеде трансляциялауға
енгізілген бейне -, телесабақтар дайындады (болған жағдайда);
4) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары
оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, мынадай
кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі
бар адамдар:
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы
талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын
әзірлеу дағдыларын меңгерген;
білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын
дамытуды қамтамасыз етеді;
оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды
қамтамасыз етеді;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика
деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар
мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе
жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен
тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадаларға,
конкурстарға, жарыстарға қатысушы немесе жүлдегер немесе жеңімпаз оқушылары
бар;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері
немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда)
болып табылады;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), облыстың (бар болса)
деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму
стратегиясын сындарлы айқындайды;
тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары
ұйымдастырған педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды
ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің "Білім беру мазмұнын сараптау республикалық
ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Білім беру мазмұнын сараптау
республикалық ғылыми-практикалық орталығы) "Сарапшылардың электрондық
базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті
жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды,
оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі
сарапшылардың құрамына кіреді (болған жағдайда);
еліміздің, облыстың телевидениесінде
трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған
бейне-телесабақтар дайындады (болған жағдайда);
интернет-ресурстарды
пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
5) "педагог-шебер" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
педагогикалық білімі, келесі кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде
алты жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
"педагог-зерттеуші" біліктілік
санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық
оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті
жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық
бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе
Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық
оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен
оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың,
оқу-әдістемелік кешендердің авторы (бірлескен авторы) болып табылады немесе
тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі
сарапшылар құрамына кіреді немесе уорлд скилс (WorldSkill) (кәсіби шеберлік
конкурсы) чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру
бойынша тренер болып табылатын адамдар;
республикалық немесе халықаралық кәсіби конкурстардың жүлдегері немесе
жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен
тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейлердегі олимпиадалардың,
конкурстардың, жарыстардың жүлдегерлерін немесе жеңімпаздарын дайындаған;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық
сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік
педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;
интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс
тәжірибесін таратады;
тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс,
республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды (болған
жағдайда);
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының
"Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және
кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды
сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар (болған жағдайда);
республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды, тиісті уәкілетті органның
ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерге арналған семинарларды,
конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру
порталдарында орналастырылған (болған жағдайда) бейне -, телесабақтар
дайындаған.
80. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 қыркүйекке
дейін алдағы қаржы жылына арналған біліктілік санаттарын берудің (растаудың)
перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай
түзетіледі.
81. Білім беру ұйымы біліктілік санатын беру
үшін педагогтердің тізімдік құрамын (электрондық тасымалдағышта) аудандардың
(облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық
ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті органға (тиісті саланың республикалық
ведомстволық бағынысты ұйымдары мен білім беру ұйымдары үшін) ұсынады.
82. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру
(растау) туралы соңғы шешімді Комиссия қабылдайды.
83. Әрбір педагог
бойынша Сараптама кеңесінің ұсынымдарын қарағаннан және алғаннан кейін Комиссия
педагогтердің портфолиосын қарайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) өтініш берілген бір деңгейге төмен
біліктілік санатына сәйкес келеді;
3) "педагог" біліктілік санатына
сәйкес келеді (өтініш берілген біліктілік санаты сәйкес келмеген кезде);
4) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес
келмейді.
84. "Өтініш берілген біліктілік санатына аттестаттаудан өтпеген"
деген шешім қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы
Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық
мүшелері қол қойған шешімнің негіздемесімен бірге аттестатталған адамның
электрондық поштасына жазбаша хабарлама жібереді.
|
ПедаПедагогтерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен шарттарына 16-қосымша |
Біліктілік санатын беруден (растаудан) бас тарту туралы хабарлама
Құрметті
Осы арқылы Сізге аттестаттау комиссиясы
_________________________________
Сіздің өтініш берген біліктілік санатына
(комиссияның толық атауын көрсету)
"___________________________________________" аттестацияланбағаныңыз
(өтініш берген біліктілік куәлігінің атауын
көрсету)туралы шешім қабылданды.
Қабылданған шешімнің негіздемесі:
______________________________________________________________________
Күні "" ____ 202___
Комиссия төрағасы:
___________________________ _______
ТАӘ (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшелері:
___________________________ _______
ТАӘ (болған жағдайда), қолы)
Комиссия хатшысы: ___________________________
_______
ТАӘ (болған жағдайда), қолы)
85. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
хаттамамен ресімделеді. Аттестаттаудан сәтті өткен педагогтердің тізімі
аттестаттауды өткізген мемлекеттік органның немесе білім беру ұйымының Интернет-ресурсында
жарияланады.
86. Педагогтер (басшылар, басшының орынбасарлары) жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа Біліктілік тестілеуін тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы бір жыл ішінде өткізеді. Бұл ретте педагогте осы кезеңде бар біліктілік санаты сақталады.
87. Педагог (басшы, басшының орынбасары, әдіскер) "Денсаулық сақтау
саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30
қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік
мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне
сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде күнтізбелік бір жылға Біліктілік
тестілеуінен босатылады. Бұдан әрі жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.
88. Осы Қағидалардың 87-тармағында көрсетілген педагогтер біліктілік
санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін Комиссияға
мынадай құжаттарды ұсынады:
1) біліктілік санаттарының
қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);
2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін
растайтын құжат.
89. Комиссияның біліктілік санатының қолданылу
мерзімін ұзарту жөніндегі отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс
күні ішінде өткізіледі.
90. Комиссияның біліктілік санатының
қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімі осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.
91. Педагогтер:
біліктілік санаты берілген лауазымдағы
жұмысын қайта бастағандар;
білім беру саласындағы уәкілетті органнан,
білім беруді басқару органдарынан, біліктілікті арттыру ұйымдарынан, жоғары оқу
орындарынан білім беру ұйымдарына ауысқандар;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде мамандық
бойынша оқуда (тағылымдамада) болғандар;
педагогикалық қызметті жүзеге асырған және
Қазақстан Республикасына жақын және алыс шетелдерден келген;
педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер
білімін, еңбек өтілін растайтын құжаттары болған жағдайда № 338 бұйрыққа сәйкес
біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа Біліктілік тестілеуін тапсырады.
Педагогтердің осы санаты үшін қызмет
нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі комиссия бір
жылдан кейін өткізеді. Бұл ретте педагогте біліктілік санаты берілгенге дейін
бір жыл бойы "педагог" біліктілік санаты қолданылады.
Тиісті санат бойынша балдар саны жеткіліксіз
болған жағдайда келесі аттестаттау кезеңінде педагог бастапқы өтініш берілген
біліктілік санатына немесе төмен деңгейге Біліктілік тестілеуін тапсырады.
92. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлікке
шығуға екі жылдан аз қалған зейнеткерлік жасқа дейінгі педагогтер Біліктілік
тестілеуінен босатылады.
93. Зейнетке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге
асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау
рәсімінен жалпы негізде өтеді.
Біліктілік санатын жалпы негізде беру (растау) рәсімінен
бас тартқан жағдайда біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына
дейін төмендетіледі.
94. Мынадай
санаттағы педагогтерге:
"санаты жоқ" біліктілік санаты
"педагог" біліктілік санатына теңестіріледі;
"екінші санат" біліктілік санаты
"педагог-модератор" біліктілік санатына теңестіріледі;
"бірінші санат" біліктілік санаты
"педагог-сарапшы" біліктілік санатына теңестіріледі;
"жоғары санат" біліктілік санаты
"педагог-зерттеуші" және (немесе) "педагог-шебер"
біліктілік санаттарына теңестіріледі.
95. Қазақстан Республикасының шегінде педагогикалық салада тиісті мамандық
бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтердің (басшылардың, басшы
орынбасарларының, әдскерлердің) бар біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі
аяқталғанға дейін сақталады.
98. Шағын жинақталған мектеп педагогтері үшін дипломда
көрсетілмеген пәндерді оқыту жағдайында кезекті біліктілік санатын беру пәнаралық
(аралас) пәндер бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы
құжат болған кезде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
102. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру
ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) диплом бойынша немесе атқаратын
лауазымы ескеріле отырып біліктілік санаттары беріледі.
105. "Өзін-өзі тану" пәнінен сабақ беру кезінде педагогтің
біліктілік санаты білім беру бағдарламалары бойынша "Өзін-өзі тану"
пәні бойынша біліктілікті арттыру курстары туралы уәкілетті органмен келісілген
құжаты болған кезде бұрын оқытылған пән бойынша біліктілік санатына
теңестіріледі және қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
106. Біліктілік санаттарын кезекті, мерзімінен бұрын беру (растау) кезінде
"Өзін-өзі тану" пәні бойынша педагогтер дипломға сәйкес мамандық
бойынша немесе "Өзін-өзі тану" пәні бойынша Біліктілік тестілеуінен
өтеді.
107. Бейіннен тыс педагогикалық білімі бар мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарының педагогтеріне тиісті бейін бойынша қайта даярлау туралы құжат
болған кезде біліктілік санаты беріледі.
108. "Көркем еңбек" пәні бойынша сабақ беретін
педагогтер "Технология", "Бейнелеу өнері", "Сызу"
мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді; "Графика және
жобалау" пәні бойынша – "Бейнелеу өнері", "Сызу",
"Информатика" мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген
біліктілік санатын ескере отырып кәсіптік оқыту ескеріледі.
109. Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім
туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша емес қызмет жүргізген жағдайда,
біліктілік санатын кезекті беру тиісті бейіні бойынша қайта даярлау туралы
құжаттың негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
110. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын
жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтер дипломда көрсетілген
мамандыққа сәйкес кезекті біліктілік санатын беруден өтеді, бұл ретте
портфолиода ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс жөніндегі
материалдар көрсетіледі.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру
тәртібі
112. "Педагог-модератор" біліктілік санатын
мерзімінен бұрын беруге педагогтер кемінде мынадай екі талапқа сәйкес
болған жағдайда қатысады:
·
пәнді
ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1
деңгейінен төмен емес (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) білетіндігін растайтын
сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша
"магистр" академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар;
·
-
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан
(облыстық/республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік
конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық
деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе
жүлдегерлерін дайындаған адамдар.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру
тәртібі
113. "Педагог-сарапшы" біліктілік санатын мерзімінен бұрын
алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер (осы
тармақтың бесінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда) қатысады:
-білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық,
республикалық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе
жеңімпаздары болып табылатын адамдар; білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде олимпиадалардың,
конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған
адамдар;
-ағылшын тілін С1 (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) деңгейінен төмен емес
деңгейде меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
-жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық
жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
- білім беру ұйымдарына өндірістен (білім беру ұйымдарында
кадрларды даярлау бейініне сәйкес келетін ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар),
бейінді ұйымдардан педагогикалық жұмысқа ауысқан, мамандығы бойынша кемінде үш
жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
- бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері
болып табылатын адамдар; бейіні бойынша ең жоғары біліктілік разряды бар
өндірістік оқыту шеберлері;
-аудандық/қалалық деңгейдегі "Үздік педагог"
атағына ие болған адамдар;
Уорлд скилс (WorldSkills) облыстық чемпионаттарының жеңімпаздарын
немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының
"Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Республикалық
оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен
оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін
адамдар; облыс, ел телевидениесінде трансляциялауға енгізілген бейне-,
теле сабақтар дайындаған адамдар.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру
тәртібі
114. "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатын
мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес
келетін педагогтер қатысады:…..
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес
республикалық, халықаралық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының
жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес
республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың,
жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың,
оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген,
басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең
авторлары) болып табылатын адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы
ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан,
кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық
орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе
Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық
оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен
оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін
адамдар;
еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген
бейне -, телесабақтар дайындаған адамдар; облыстық
деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған адамдар;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері
немесе жеңімпазы болып табылатын адамдар;
Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық немесе халықаралық чемпионаттарының
жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру
тәртібі
115. "Педагог-шебер" біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға
мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер қатысады:….
білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың,
жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге
сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары немесе
жүлдегерлері болып табылатын тұлғалар;
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік
білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған
авторлық бағдарламаларды әзірлеген адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың
тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың
авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар; еліміздің
телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақ дайындауға
қатысқан адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық
ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына"
сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік
кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың
құрамына кіретін адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы
ғылыми дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
Қазақстан Республикасының "Үздік педагог" атағына
ие болған адамдар; "Қазақстан мұғалімі" ұлттық
сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылатын
адамдар; Уорлд скилс (WorldSkills) халықаралық
чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру
тәртібі
116. Мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде Комиссия "өтініш берілген
біліктілік санатына сәйкес келмейді" деген шешім қабылдаған жағдайда,
қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін
сақталады.
129. Аттестаттау рәсіміне алғаш қатысатын білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер
(орталықтар) басшыларының орынбасарлары, әдіскерлер атқарып отырған
лауазымында болған үш жыл өткеннен кейін "үшінші біліктілік санатты
басшының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшының
орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшының
орынбасары", "педагог-модератор", "педагог-сарапшы",
"педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаттарын
беруге өтініш береді.
130. Аттестаттау рәсіміне алғаш қатысушы білім беру ұйымының (әдістемелік
кабинеттердің (орталықтардың) басшылары атқаратын лауазымында болған үш жыл
өткеннен кейін "басшы-ұйымдастырушы" немесе
"басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік
санаттарын беруге өтініш береді.
126. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)
басшылары мен басшыларының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттердің
(орталықтардың) әдіскерлері осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
үміткер болып отырған біліктілік санатын көрсете отырып, тиісті деңгейдегі
комиссияға өтініш береді.
127. Білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар), әдіскерлер
(әдістемелік кабинеттер (орталықтар)) басшыларының орынбасарларын аттестаттау
осы Қағидалардың 15 -тармағында белгіленген кезеңдерді қамтиды.
128. "Басшы", "басшының орынбасары", "әдіскер"
біліктілік санаттары лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.
4-тарау. Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын,
әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшыларының
орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін
аттестаттаудан өткізу тәртібі
131. Кезекті аттестаттау кезінде (әдістемелік кабинет (орталық) басшыларының
орынбасарлары және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) басшылары
кезекті деңгейдегі біліктілік санатын беру туралы не лауазымда болған әрбір
келесі үш жыл өткеннен кейін қолданыстағы біліктілік санатын растауға өтініш
береді.
132. Білім беру ұйымының басшылары мен басшыларының орынбасарларын
аттестаттау лауазымға тағайындалған сәттен бастап үш жыл өткен соң алты айдан
кешіктірілмей жүргізіледі.
133. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)
басшыларын, басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің
(орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізуге дайындықты білім беру ұйымдарындағы
жауапты орындаушылар, аттестаттаушы органның Персоналды басқару қызметі
ұйымдастырады және мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) Біліктілік тестілеуінен өткені туралы
сертификатты (білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)
басшылары үшін), жұмыс тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі
кестені, осы Қағидаларға 23 және 24-қосымшаларда белгіленген өлшемшарттарды
орындау бойынша растайтын құжаттарды қамтитын қажетті құжаттарды дайындау.
Көрсетілген құжаттар басшы орынбасарының,
басшының қолымен және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық)
мөрімен расталады.
2) аттестаттауды өткізу кестелерін бекіту.
134. Тиісті деңгейдегі аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі жыл
сайын 1 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің
(орталықтардың) аттестатталатын басшылары мен басшылар орынбасарларының,
әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің алдағы қаржы жылына арналған
тізімін айқындайды, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.
135. Аттестаттаушы органның басшысы органның
персоналды басқару қызметінің ұсынуы бойынша жыл сайын бұйрық шығарады, онда
аттестаттауды өткізу кестесі мен тиісті деңгейдегі Комиссияның құрамы
бекітіледі.
136. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі аттестатталушыларды
аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы жыл сайын жазбаша хабардар етеді.
137. Білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттердің
(орталықтардың) басшылары осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфына сәйкес
Біліктілік тестілеуінен өтеді.
1-параграф. Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі
138. Біліктілік бағалауы ауданның, облыстық
маңызы бар қаланың білім бөлімі, облыстың (облыстық ведомстволық бағынысты
ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін),
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармалары
органдарында, тиісті саладағы уәкілетті органда (республикалық ведомстволық
бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін)
өткізіледі.
139. Біліктілік бағалауы аттестатталушылар
ұсынған құжаттардың: жеке басын куәландыратын құжаттың, білімі туралы
дипломның, білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, кемінде 72
сағат "Білім берудегі менеджмент" бағдарламасы бойынша курстардан
өткені туралы құжаттың, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың
көшірмелеріне сәйкестігін қарауды қамтиды.
140. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік
кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшы орынбасарларының, әдістемелік
кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің құжаттар топтамасы толық болмаған
жағдайда, тиісті деңгейдегі аттестаттаушы органның Персоналды басқару қызметі
құжаттарды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады.
2-параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды өткізу тәртібі
147. "Өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген
шешім қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде аттестатталушының
электрондық поштасына осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
Комиссияның барлық мүшелері қол қойған біліктілік санатын беруден (растаудан)
бас тарту туралы негіздемемен жазбаша хабарлама жібереді.
148. Комиссия "өтініш берілген
біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылдаған кезде білім беру
ұйымы басшысы орынбасарының, әдістемелік кабинет (орталық) әдіскерінің бар
біліктілік санаты қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі –
біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
149. Білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары
қайта аттестаттаудан осы Қағидаларға сәйкес тиісті деңгейдегі комиссия шешім
қабылдаған күннен бастап бір жылдан кейін өтеді.
151. Қайта аттестаттау кезінде Комиссия "өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім қабылдаған жағдайда, бар біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі.
153. Білім беру ұйымдарының
(әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын аттестаттау нәтижелері
бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік
санатына аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай
отырып аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына
аттестатталмады;
өтініш берілген біліктілік санатына еңбек шартын бұза отырып
аттестатталмады.
154. Комиссия "өтініш берілген санатқа аттестатталмады" деген
шешім қабылдаған кезде аттестатталушы осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан
өткен күннен бастап үш айдан кейін (аттестаттау кезеңінде бір реттен артық
емес) қайта аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте білім беру ұйымы (әдістемелік
кабинет (орталық) басшысының бар біліктілік санаты келесі аттестаттау кезеңіне
дейін сақталады. 155. Комиссия қайта аттестаттауды өткізу кезінде мынадай
шешімдердің бірін қабылдайды:
өтініш берілген біліктілік санатына
аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатын растай
отырып аттестатталды;
өтініш берілген біліктілік санатына
аттестатталмады;
өтініш берілген біліктілік санатына еңбек шартын бұза отырып
аттестатталмады.
156. Комиссия қайта аттестаттау кезінде
"өтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады" деген шешім
қабылдаған жағдайда "басшы-көшбасшы" немесе
"басшы-менеджер" біліктілік санаты бар аттестатталушының біліктілік
санаты бір деңгейге төмендейді;
"басшы-ұйымдастырушы" біліктілік санаты бар басшылармен еңбек
шарты бұзылуға жатады.
157. Аттестатталушы Комиссия шешімімен танысады.
158. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға
28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына
қатысқан Комиссия хатшысы мен мүшелері қол қояды.
159. "Өтініш берілген біліктілік
санатына аттестатталмады" деген шешім қабылданған кезде Комиссия үш
жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негіздемесі бар, осы Қағидаларға
16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның барлық мүшелері қол қойған
жазбаша хабарламаны аттестатталушының электрондық поштасына жібереді.
160. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 26
және 27-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аттестатталушылардың аттестаттау
парақтарына енгізіледі.
161. Аттестаттаудан өткен аттестатталушының аттестаттау парағы жеке іс
парағында сақталады. Комиссияның шешімі аттестатталушының қызметтік тізіміне
енгізіледі.
162. Комиссия шешімі аттестаттаушы органның
бұйрығымен ресімделеді.
Тиісті бұйрықтың негізінде осы Қағидаларға
20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік бере (растай) отырып, аттестаттау
туралы куәлік беріледі.
164. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттің (орталықтың) педагогіне,
басшыларына, басшыларының орынбасарларына, әдістемелік кабинеттердің
әдіскерлеріне берілген (расталған) біліктілік санаты үшін қосымша ақы
қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тиісті деңгейдегі
комиссияның шешімі негізінде 1 қыркүйектен немесе 1 қаңтардан бастап жүзеге
асырылады.
165. Басшының орынбасары (басшы) бір білім беру ұйымынан басқа білім беру
ұйымына басқа лауазымға ауысқан жағдайда (басшының орынбасары немесе басшы
лауазымына) басшы орынбасарының өзінде бар үшінші санаттағы басшы орынбасары
немесе екінші санаттағы басшы орынбасары немесе бірінші санаттағы басшы
орынбасары немесе басшы-ұйымдастырушы немесе басшы-менеджер немесе
басшы-көшбасшы біліктілік санаты мерзімі өткенге дейін сақталады.
ПедПедагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен
шарттарына 12-қосымша
|
Біліктілік санатын беру (растау) үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары
Біліктілік санатын беру (растау) үшін жалпы орта білім беру ұйымдары
педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары
Біліктілік санатын беруге (растауға) қосымша білім беру ұйымдары педагогінің
портфолиосын бағалау өлшемшарттары
Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог портфолиосын бағалау
өлшемшарттары (арнайы педагогтер, білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптар
(топтар) педагогтері үшін)
Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог портфолиосын бағалау
өлшемшарттары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың
арнайы педагогтері, психологтары, әлеуметтік педагогтері үшін)
Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог портфолиосын бағалау
өлшемшарттары (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін)
Біліктер мен дағдылардың қалыптасу динамикасы туралы ақпарат
(Бастапқы/аралық/қорытынды) ҰБДҚ - дан түсіріледі немесе бірінші басшының қолы
қойылған сканерленген нұсқа-электрондық форматта ұсынылады. Деректердің
дұрыстығына педагог пен басшы жауапты болады.
Сабақтың бейне жазбаларына ұсынылатын
талаптар:- аттестатталушының аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, тобы, оқу
мақсаттары, сабақ тақырыбы көрсетіледі;
су белгілері, бөгде жазулар немесе жарнама
болмаса;
сыртқы дыбыстық шу жоқ;
ұсынылатын бейне сабақ ажыратымдылығы
1280х720 (720р)
сөйлеу қазіргі қазақ, орыс немесе шет тілінің
нормаларына сәйкес келеді (мысалы, ағылшын тілі сабақтарында);
бейне танымал және кең таралған бейне файл
форматтарының бірінде ұсынылғанavi немесе mp4
Ескерту: біліктілік санатын беруге (растауға)
арналған педагог портфолиосын бағалаудың барлық өлшемшарттары санатты беру
(растау) рәсімдері арасындағы кезеңге ұсынылады, міндетті болып табылады.
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына
13-қосымша
Сабақтарды бақылау парағы (сабақтың бейне жазбасына жол беріледі)
|
Біліктілік санатын беру (растау) үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау парағы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Білім беру ұйымдарының басшылары үшін 3-қосымша
23-қосымша
Білім беру ұйымдары басшылары қызметінің тиімділігінің көрсеткіші
ЖИЫНЫ
"басшы-ұйымдастырушы" - 37-47 ұпай;
"басшы-менеджер" - 48-56 ұпай;
"басшы-көшбасшы" - 57-75,5 балл.
Мектепке дейінгі, қосымша білім беру ұйымдары үшін:
"басшы-ұйымдастырушы"- 27-37 ұпай;
"басшы-менеджер" - 38-44 ұпай;
"басшы-көшбасшы" - 45-60,5 балл
Басшының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарының қызметінің
тиімділігінің көрсеткіштері
ЖИЫНЫ
"үшінші санатты басшының орынбасары" – 10 – 17 балл;
"екінші санатты басшының орынбасары" — 18 - 28 балл;
"бірінші санатты басшының орынбасары" — 29- 35 балл
Профильді оқыту бойынша басшының орынбасары қызметінің тиімділігінің
көрсеткіші
ЖИЫНЫ
"үшінші санатты басшы орынбасары" - 8-14 ұпай;
"екінші санатты басшының орынбасары" - 15-25 ұпай;
"бірінші санатты басшының орынбасары" - 26-31 ұпай
Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінің тиімділік көрсеткіштері
БАРЛЫҒЫ
"үшінші санатты басшының орынбасары" - 10 – 17 ұпай;
"екінші санатты басшының орынбасары" — 18 - 29 ұпай;
"бірінші санатты басшының орынбасары" — 30 - 36 ұпай
Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінің тиімділік
көрсеткіштері
ЖИЫНЫ
"үшінші санатты басшының орынбасары" - 10 – 17 балл;
"екінші санатты басшының орынбасары" — 18 - 28 балл;
"бірінші санатты басшының орынбасары" — 29 - 35 балл