Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» кеуделік белгісімен, ҚР білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Республикалық, облыстық байқаулар мен ғылыми жобаларының, облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған.