2019 жылғы қаңтар айының 4-і мен 5-і аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында 57 облыстық пән олимпиадасы өткізілді.Олимпиада қорытындысы бойынша құқық негіздері пәнінен 11-сынып оқушысы Кабышева Динара, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Карибаева Малика, 10-сынып оқушысы Кунтаева Амина, орыс тілі пәнінен 9-сынып оқушысы Сейсембаева Аружан ІІ орынға, математика пәнінен 10-сынып оқушысы Куатов Алихан, география пәнінен 11-сынып оқушысы Омирзакова Аяжан, тарих пәнінен 9-сынып оқушысы Жандарбек Акрам және ағылшын тілі пәнінен 8-сынып оқушысы Шакбекова Даяна ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлерді дайындаған география мұғалімі Альдекенова Анар Толыбаевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нургалиева Дария Амантаевна, орыс тілі мұғалімі Тулеубаева Кульжайнат Бекежановна, тарих мұғалімі Ибраева Бахыт Шаймардановна, математика мұғалімі Давлятчина Салима Васильевна және ағылшын мұғалімі Нургалиева Салтанат Еркеновна. Гимназия мәртебесін арттырып, жетістікке жеткен оқушыларды және оларды жеңіске жетелеген ұстаздарын құттықтаймыз!
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері