Кәсіби бағдар бөлімі Кәсіби бағдар бөлімі Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ
Вопрос / Обращение #47
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ІІІ Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы.
2015-2016 оқу жылына «Тегін» білім алуға Түркия Республикасы тарапынан 500 грант орындары бөлінген. Бұл орындар келесі 2016-2017 оқу жылына да қарастырылады.
IIІ Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының жүлдегерлері конкурссыз оқуға түседі.
ОЛИМПИАДАҒА ТІРКЕЛУ «ТЕГІН»!!!
ТІРКЕЛУГЕ 15.02.2016ж. ДЕЙІН БОЛАДЫ!!!
http://olimp.iktu.kz/account/register.aspx
С уважением,
Акадiл Алайдаров
Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, Кәсіби бағдар бөлімі
пр. Б.Саттарханова, 29
161200, Туркестан, ЮКО
Республика Казахстан
Тел.: +7(72533) 63690
Сот.: +7 701 574 54 81
E-mail: akadil.alaidarov@iktu.kz
Ответ
Ақпарат бергеніңіз үшін рахмет!
Мадина Оразбекқызы Амиргалиева
Вопрос / Обращение #46
Мен 2015 жылдың түлегі Амиргалиева Мадина өзімнің алғысымды сынып жетекшім Зарукеш Бүкірқызы және ғылыми жетекшім Азамат Жанайдарұлына білдіргім келіп отыр! Жұмыстарыңыз жемісті,дарынды оқушылар көбейе берсін!Гимназиямыз тек қана биік шыңнан көрінсін!
Ответ
Алғыс білдіргеніне және ізгі тілектеріне рахмет.
Айгерим Сериковна Успанова
Вопрос / Обращение #45
Мен 11-сынып оқушысы Успанова Айгерим өзімнің алғысымды Сыздыков Азамат Жанайдарұлына білдіремін! 9-сыныптан бастап осы ұстаздың жетекшілігімен ғылыми жобаларды жазып, 11-сыныпта жемісін көрдік. Азамат Жанайдарұлы еңбегіңіз әрқашан да жана берсін! Биік шыңдардан көріне беріңіз! Алғысымды сізге шын жүректен білдіремін!
Ответ
Жылы сөздеріне рахмет!
Эльмира Жанарбековна Мажинова
Вопрос / Обращение #44
Мен 9 «ә» сынып оқушысы Мажинова Эльмира информатика пәнінің мұғалімі Баядилова Асем Канатовнаға алғысым шексіз! Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың иесі» деп қалай дәл тауып айтқан. Асем Канатовнаның ақылдылығы мен парасаттылығы арқасында мен өз болашағымды информатикамен байланыстырғым келеді. Ұстазымыз жұмысына тиянақты, оның берген ақыл-кеңесі әрқашан пайдалы.
Сізге зор денсаулық, жұмысыңызда табыс, оқушыларыңызға тек жеңіс тілеймін!
Ответ
Жылы сөздеріне рахмет! Ұстаздан алған білімдерін болашақ өмірлерінде кәдеге жарасың!
Дария Салтанатовна Жакенова
Вопрос / Обращение #43
Құрметті Баядилова Асем Канатовна! Мен 9 «ә» сынып оқушысы Жакенова Дария алғысымды білдіремін!
Асем Канатовна информатикаға қызығушылығымды оятып, сайыстар мен олимпиадаларға қатысуға баулыды. Мұғалімнің еңбегінің нәтижесінде біз 2012 жылы «Зерде» ғылыми жарыстарында компьютерлік графика пәнінен «Жаһан жаршысы» номинациясын иелендік. 2012-2013 оқу жылында информатика пәнінен Жасөспірімдер олимпиадасына қатысып, жүлделі орынға ие болдық. Асем Канатовна – біздің оқушыларды КИО-ға қатыстырған алғашқы мұғалім. Ұстазымыздың арқасында біздің оқушылар жылдан жылға жүлделі орын алып, үлкен биіктерден көрініп жүр.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Осы тоғыз жыл бойы олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға дайындап, оқытып үйреткені үшін алғысым шексіз! Оқушыларыңыз биік шыңдардан көрініп, үмітіңізді ақтасын!
Ответ
Жылы сөздеріне және ізгі тілектеріне рахмет!
айдана аманжолқызы аманжолова
Вопрос / Обращение #41
Cіздердің сайтыңыздан көп өзіме қажетті көмек алдым, өте керемет! Рахмет сіздерге! Барлық мұғалімге қажет дүниелер, мәліметтер бар екен!
Ответ
Қажетті ақпаратты біздің сайтымыздан таба алғаныңызға қуаныштымыз.
айдана аманжолқызы аманжолова
Вопрос / Обращение #40
cаламатсыздар ма, менің қояр сұрағым гимназия кластарына сабақ бергенге жалакы пайызы канша қосылады? мысалы, мен гимназия класында 7 сағатым және 1 гимназия компонентім және 1 қосымша сабағым бар. Қалай есептеледі? Рахмет.
Ответ
Сәлеметсіз бе. Бұл сұраққа жауапты өзіңіздің мектеп бухгалтерінен біле аласыз.
Мейргуль Талгатовна Косаева
Вопрос / Обращение #36
Құрметті Алмагуль Серикбаевна! Бізді білім нәрімен сусындатқаныңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін! Сіздің ұшқыр ойынызға, берік төзіміңізге, ұстаздық адалдығыңыз, жаңашырлығыңыз үшін мың алғыс. Әр баланың жүрегіне жол таба білетін қасиетіңізге тәнті бола отырып, сізді физика пәнінің анасы ретінде құрмет тұтамын. Сізге ең бастысы зор денсаулық, еңбегіңізге жеміс тілей тілеймін. Оқушыларыңыз биік шыңдардан көрініп, үмітіңізді ақтасын!
Ответ
Рахмет!
Ақбота Сүйіндік 11- сынып оқушысы
Вопрос / Обращение #35
Мен гимназияның 11-сынып оқушысымын. Гимназияның физика пәні мұғалімі Алмагуль Серикбаевнаға алғысым шексіз. Себебі, ҰБТ-ға дайындық кезінде физикадан бізге үйреткен білімі менің болашағыма көп көмегін тигізді. Алмагуль Серикбаевна, сізге зор денсаулық, жұмысыңызға жеміс тілей отырып, ұшқыр ойлы шәкірттеріңіз көп болсын.
Ответ
Рахмет! Сенің де алдағы сынақ ҰБТ-ны жақсы тапсыруына тілектеспіз! Мұғалімнің және гимназияның үмітін ақтайды деп сенеміз!
Кымбат Ахмекенова 11- сынып түлегі
Вопрос / Обращение #34
Мектеп бітірер алдында мен физика пәні мұғалімі Кабылбекова Алмагуль Серикбаевнаға алғысымды білдіргім келеді. Ол кісінің сабақтарынан алған білімімді ҰБТ-да таңдау пәнім физика болғандықтан,ұтымды қолданудамын. Осы дайындық барысында әрдайым көмек-кеңесін беріп отырады. Әрі қарай қызмет барысында зор табыс тілеймін.
Ответ
Алғыс білдіргендеріне рахмет.Ұстаздан алған білімдерін болашақ өмірлерінде кәдеге жарасың!
Асыл Салтанатулы Амиров
Вопрос / Обращение #30
Мен мектеп ұжымына үлкен алғысымды білдіремін!!!Сіздерге мың алғыс!!!Ғұмырларыңыз ұзақ,жұмыстарыңыз жемісті болсын,Гимназия үлкен жетістіктерге жете берсін!!!
Ответ
Жылы сөздеріне және ізгі тілектеріне рахмет!
Азалия 10-сынып Джамалаева
Вопрос / Обращение #26
Кеше Сәбит Дөнентаев атындағы Ақсу қаласының мәдениет сарайында өткен "а ну-ка,девушки" атты "күз аруы" сайысында 10- сынып оқушысы Баяманова Гүлден 2-орын алып келді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!!!
Ответ
Тілектеріңе рахмет! Гүлденді осы жеңісімен құттықтаймыз!