Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Мектеп директорлары

Yes

Іскер, дарынды басшы

30 жыл мектеп басшысы болып отырған ұлағаты мол Сламбекова Рымкеш Хамитқызы өңіріміздің білім саласына қыруар үлес қосты деп айтсақ өтірік емес.

1971 жылдан бастап өзінің туған мектебінде еңбек жолын бастады.Бірнеше жылғы еңбек тәжірибиесін жинақтай отырып Рымкеш Хамитқызы заманауи сұранысына сәйкес басқару жүйесінде қайта құру ісіне күш жұмсады.

Егер аздап өткенге көз жіберсек Ақсу қаласындағы гимназия мектебінің ашылуына байланысты шаралар 1993 жылдан басталды.

Базистік оқу жоспарына оқушылардың қабілеті қызығушылығына қарай дамытуға мүмкіндік беретіндей өзгешелік енгізу барысында С.Торайгыров атындағы мемлекет университетің қазақ тілі мен сыртқы елдер әдебиет кафедрасының меңгерушісі,професор Өтебаев Ермек аға (марқұм) мектепке жетекші етіп алды.

Сөйтіп Ақсу қаласындағы №1 орта мектеп жанынан 1993 ж.гимназия мектебін ашуға бұйрық шығып,мектептің алдағы мақсаты мен міндеті айқындалды.

Оқу тәрбие жұмысын жоспарлауда Білім беру Министірлігіне,тәжірбие алмасу мақсатында Алматы облысындағы Нарынқолға барып «Халықтық педагогика» бағдарламасың авторы Е.Өтеевпен жұмыс жасады.

Мектеп 1993-1995 жылдары эксперименттік алаңда тұрды да, аралық нәтиженің қорытындысы бойынша 1997 жылы гимназия статусы берілді.

Бүгінгі таңда 2000 жылдан бастап қала, облыс басшыларының көмегі арқасында гимназия мектебі қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен қаруланған мекемеде отыр.

Гимназия мектебі «Ана тілі» бағдарламасы бойынша 2000 жылы тірек мектебі болып табылды.  2003 жылдан «Өзін-өзі тану» пәні бойынша тірек мектебі,  2004 жылдан «Үш тілде оқыту » (орыс, қазақ, ағылшын)  эксперименті өтіліп нәтижесін бере бастады. Гимназия мектебінің жұмысымен танысу үшін ҚР Премьер – Министрі Масимов К.К. ҚР  Президенті әкімшілігін инспекторы Қапаров С.Ғ., профессор Ж. Абдильдин «Бөбек» орталығының директоры Б.А. Альмуханов ғылым докторы Жадрина М.Ж., Бейбітшілік корпусының өкілі Мансурова А., облыс әкімдері Қ. Нұрпейісов, Б.А. Сағынтаев, Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары мектепке қонақта болды.

Қазіргі уақытта іскер басшы бастаған гимназия 2012 жылдан бастап  мамандырылған мектеп статусына ие болып отыр.

Бұл жұмыста тек қана басшылық жұмыста 30 жыл еңбек еткен, саналы түрде  шешім қабылдаған және осы шешімдерге жауапкершілікпен қараған,заманауи мектеп үлгісінің жоғары сатыға көтерілуіне қол жеткізген Ақсу қаласындағы гимназияның директоры, «Қ.Р Білім беру ісінің үздігі », «Ерен еңбегі үшін »медалінің,   Ы.Алтынсарин атындағы кеуделік белгінің иегері Сламбекова Рымкеш Хамитқызының еңбегі зор.

Yes

Касенова Мария Абдукадировнаның  педагогикалық еңбек стажы 38 жыл, оның ішінде  18 жыл мектеп директоры.

1999 жылы Ақсу қаласының №1 қазақ орта мектебінде, 2009 жылы №2 қазақ орта мектебінде басшылық етті.

2013-14 оқу жылынан дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия  директоры.

Мария Абдукадировнаның  оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, оқушыларды, ұстаздарды ғылыми-ізденіске бағыттаудағы  жұмысы жүйелі жолға қойылған. Ол - ізденіс үстіндегі басшы. Осының нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетуде.

ІІ республикалық “Білім ұясы” сайысында 2006 жылы  ІІІ орынды иеленіп, “Білім ұясы: болашақтың мектебі” атағына ие болды.

Мария Абдуқадировнаның іс-тәжірибесі республикалық “Жүрегін оқушыларға сыйлаған” атты энциклопедияға енді.

Мария Абдукадировнаның басшылығымен гимназия ұжымы оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды енгізуде, ұстаздарға жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін  оқытудың қазіргі әдістері мен формаларын қолданады.

Қазіргі кезде Мария Абдукадировна  басқарып отырған гимназияда «Көп тілде оқыту» эксперименті, ақпараттандыру бағдарламасы барысындағы жұмыстар облыстық білім басқармасының қорытындысы негізінде жоғары бағаланды. Гимназия оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар жүлдегерлері.

Касенова М.А. білімі жеткілікті, мәдениеті жағынан қарамағындағылардан биік тұратын, қызметкерлердің іскерлігін айыра білетін, дер кезінде көмек бере алатын ұстаз әрі білгір басшы.