Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Шет тілдер апталығы жалғасуда
31-01-2019 22:46
Шет тілдер апталығы жалғасуда

30 қаңтар күні шет тілдер апталығының жоспары бойынша химия мұғалімі Абраева Д.Е,ағылшын тілі мұғалімі Нургалиева С.Е. және орыс тілі мұғалімі Ибрайкина Қ.М. "The periodic table of D.I.Mendeleev" тақырыбы бойынша 8-сыныпта кіріктірілген сабақ өткізді. Сондай-ақ үзілістерде биология пәнінің мұғалімі Муханова У.К. 7 сыныптарға арналған "4D animals pictures" көрмесін, ағылшын тілі мұғалімі Нургалиева С.Е. 4-сыныптар арасында "Bang-bang"  battle және информатика пәнінің мұғалімі Абылгазина Э.Т. "Инфобілгіштер" сайысын ұйымдастырды. Осы іс-шараларға оқушылар жоғары белсенділікпен және қызығушылықпен қатысты.  Екінші күн TEDx форматындағы конференциямен тәмамдалды. Мұнда қатысқан оқушылар өз ойларын қазақ, орыс, ағылшын тілінде еркін жеткізіп, талқыға салды.