STEM - ғылыми техникалық білімнің негізі
Гимназияның ақпараттандырудың жылдық жоспарына сәйкес «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасының жүзеге асыру жағдайында гимназиямызда «STEM білім беруді дамыту» практикалық семинары өтті. STEM-көрме,таныстырылым және миға шабуыл ретінде ұйымдастырылған бұл шарада ұстаздарға пәндерді кіріктірудің тетіктері көрсетілді. Семинарды өткізген робототехника үйірмесінің жетекшісі Атик Бибигуль Васильевна.