Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Бастауыш сыныптар апталығының қорытындысы
25-02-2019 17:18
Бастауыш сыныптар апталығының қорытындысы

18-23 ақпан аралығында гимназиямызда бастауыш сыныптар апталығы өтті. Апталық ерекше көңіл-күймен басталды: әсем бейнеленген дәлізде түрлі қызықты әрі танымдық тапсырмалар жетіп артылады. Қоңырауда тапсырмаларды бірінші болып орындауға асыққан балалар өте белсенді қатысты.

4а мен 4ә сыныптары арасында "Ойлан тап!" зияткерлік сайысы өткізілді. Оқушылар 4 сурет 1 сөз, жұмбақ шешу, машина мен ойыншық құрау сияқты кезеңдерден өтіп, соңында "Q-bitz" текшелерінен пішіндер құрастырып жарысты. 2 сыныпта "Алуан түрлі ғаламшарлар" тақырыбында жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізіліп, балалар аспан әлеміне үніліп,ғаламшарлармен танысса, үзілістерде қызықты тапсырмалар орындап жарысты. Сондай-ақ "Тәрбие көзі -ата мен әже" атты шеберлік сағаты өтті.

Апталық барысында "Гимназия мен балабақша арасындағы сабақтастық" атты қалалық семинар өтті. Семинар барысында 1 сыныптарда математика және сауат ашудан ашық сабақтар өткізілді,мектеп психологы 1-сынып оқушыларының оқу танымдық көрсеткіштерімен таныстырды.