Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мазмұны туралы
Ақпанның 22-күні гимназиямызда Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқушылар таныстыруға байланысты іс-шара болып өтті. Іс-шараға 6-10 сынып оқушылары қатысып, әр сынып мақаланың жеке қырларын талқылады.
9 «а» сыныбы «Атқа міну мәдениеті»
6-сыныбы «Ұлы даладағы ежелгі металлургия»
10-сыныбы «Аң стильі»
7 «ә» сыныбы «Алтын адам»
7 «а» сыныбы «Түркі әлемінің бесігі»
9 «ә» сыныбы «Ұлы жібек жолы»
8-сыныбы «Қазақстан алма мен қызғалтақтың отаны» тақырыптары бойынша презентацияларын қорғады. Әр бір сынып тақырыптарға байланысты көрме дайындап, сол көрмедегі заттармен таныстырып өтті. Көрмеге оқушылар өз қолдарымен жасаған макеттерін, ат әбзелдерін, ата бабамыздан мұраға қалған түрлі құнды дүниелерді көрсетті.