«Қамалы бекем, халқы қайсар - Отырар» көрмесі
Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар қорғанысының 800 жылдығына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар - Отырар» көрмесі ашылды. Біздің гимназияның 8-сынып оқушылары осы көрмеге барып келді. Оқушылар көне ғасыр мәдениетімен жете танысып, археологиялық жәдігерлерді өз көзімен көру мүмкіндігіне ие болды. Отырардан Павлодарға жеткен көрмеде тарихи мекеннің кешегісінен сыр шертетін құнды жәдігерлер бар. Көрмеге түрлі кезеңдерде табылған, қыштан, керамикадан жасалған құмыралар, темір тағалар, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ыдыс-аяқтар да қойылған.