Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
"Ұлы Дала мұрасы" атты мектеп мұражайының ашылуы
21-03-2019 06:30

Ұлтымыздың болмыс-бітімін ,асыл мұраларын, ұмыт болған тарихын қазіргі жас ұрпақтың жадында жаңғыртып,санасына сіңіретін бағыттың бірі – мұражай жұмысы болып табылады. Ұлттық мәдени-генетикалық кодтың іргетасы ретінде отансүйгіштікті насихаттайтын, Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық мұрасын қайта жаңғыртуға, сандық технология жағдайында, оны түсінікті, әрі сұранысқа ие болуына ықпал ететін "Ұлы Дала мұрасы" атты мектеп мұражайы 19 наурыз күні салтанатты түрде есігін ашты. Салтанатты ашу рәсіміне Ардагер ұстазымыз, Ақсу қаласының құрметті азаматы Сламбекова Рымкеш Хамитқызы, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Оразалин Айдос Ырсымбекұлы, ата-аналар кеңесі мүшелері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Жекебай Мақсатхан ұстазымыз жаңадан ашылған мұражайымызға арнау арнап, оқушылар «Ұлы даланың 7 қыры», "Рухы жоғары халықтың тарихы мәңгілік" атты кешендерді таныстырып, жырдан шашу шашты.
Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау, әрі сақтауды мақсат еткен «Ұлы дала мұрасы» мұражайы оқушыларымызға, өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, жарқын болашаққа жол нұсқарына сенеміз.