Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Облыстық «Шаңырақ» жобасының киіз үй көрме-байқауы өтті
23-03-2019 12:33
Облыстық «Шаңырақ» жобасының киіз үй көрме-байқауы өтті

Наурыз мерекесіне орай өткізілген "Шаңырақ" облыстық киіз үй көрме-байқауында гимназиямыз "АЛТЫН ОРДА" бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!! Бұл ұжымның бірлескен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бірнеше ай бойы технология сабақтарында ұлдарымыз киіз үйдің қаңқасы мен сыртқы жабдықтарын дайындаса, қыздарымыз ішкі көрпеше, бөстектерін, белбеулерін әзірледі. Бұл ауқымды жұмысқа басшылық жасап, асқан шеберлік пен шығармашылық таныта білген мұғалімдеріміз Гүлжазира Кабдулкарімқызы мен Ануарбек Құмарұлыны шексіз алғыс білдіреміз. "Шеберлінің қолы ортақ" деп тегін айтылмаған. Еңбектеріңіз жана берсін! Сондай-ақ гимназиямыз «Өрнекті шапан» номинациясына ие болды.