Облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқуларының» жүлдегерлері

2019 жылғы 29 наурызда «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» өтті. Қазылар алқасының шешімі негізінде «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйрасында 9 сынып оқушысы Баянбатұлы Ерасыл және «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау бойынша 8 сынып оқушысы Жанибек Жансая ІІІ орынға ие болды. Жетекшілері Шапауова Асем Сембиевна және Есенгожина Акмарал Еркеновна. Жеңімпаз атанған оқушыларымызды және жетекшілерін құттықтаймыз.