Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Мұражайға тарту»мектепішілік байқауы
02-04-2019 11:06

І.Мақсаты: Ұлтымыздың салт-дәстүр, тұрмыс мұрасын жинақтау, насихаттау арқылы «Ұлы дала мұрасы» атты мектеп мұражайының қорын толықтыру.

ІІ.Міндеті: 1. Байқау туралы ата-аналар жиналысында хабарлау және жәдігерлерді жинақтау бойынша нақты тапсырмалар беру.

2. Әр сыныптың мұражайдың ішкі мазмұнына сәйкес бір немесе бірнеше макет, зат тапсыруы.

3.Тапсырылатын макеттердің түпнұсқаға сәйкес болуын қадағалау.

ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі

Мерзімі: 2-29 сәуір

Қатысатындар: 1-11 сыныптар, ата-аналар,

Тапсырылған зат, не макет көне, бұрын қолданылған, не жаңа болуы мүмкін. Бірақ сынған, жыртық болмауы қажет. Макеттердің өлшемі: биіктігі 60 см-ге дейін.

Мұражайдың ішкі мазмұнына сәйкес Бағыттары:

1) Ат әбзелдері: ер-тоқым, жүген, қамшы, қылыш, найза, шоқпар, қалқан, садақ жебесімен, ат-арба мен ат-шана макеттері т.б.

2). Ұлттық ас үй ыдыстары: ошақ, қазан, самауырын, піспе шелек, диірмен, торсық, табақ, ожау, кеселер т.б.

3). Ұлттық зергерлік бұйымдар: алқа, өңіржиек, шашбау, білезік, жүзік, сақина, белбеу, қапсырма т.б.

4). Ұлттық киімдер: батырдың киімдері, дулыға, бөрік, тымақ, мәсі т.б. былғарыдан жасалған киімдер.

5) Үй жануарларының макеттері: түйе, бота, жылқы, құлын, қой, қошақан, т.б.

6). Ұлттық киімдегі қуыршақтар.

ІV. Байқау қорытындысы

-Байқау материалдарын қарауға және жеңімпаздарды анықтау мақсатында байқау комиссиясы құрылады.

- Байқау комиссиясы әр сынып тапсырған заттар, макеттер бойынша хаттама толтырады.

- Байқаудың қорытындысы 2019 жылдың мамыр айының 6-на дейін өткізіледі.

- Байқау жеңімпаздары дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.