
Ақпарат
«Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» ММ 2019-2020 оқу жылына оқушыларды қабылдау туралы
«Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» мемлекеттік мекемесі 2019-2020 оқу жылына 1-сыныптарға оқушыларды конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау жұмысының басталуын хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі - 2019 жылдың 10 сәуірден 10 мамыр аралығы.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді http://mektep.smart-pavlodar.kz/ сайтына жолдауға болады.
Сайтқа тіркелу кезеңінде төмендегі құжаттардың электронды көшірмелерін жіберу қажет:
1. Баланың ата анасынан ж/е өзге де занды өкілдерінен өтініш;
2. Баланың туу туралы куәлігі ЖСН көрсетілген (қосымша);
3. 3х4 көлемдегі фотосуреті (электронды нұсқа)
1 - сыныптарға конкурстық таңдау 2019 жылдың 1-14 тамыз аралығында өтіледі.
Мекен жайымыз: Ақсу қаласы, Әуезов көшесі 58.
Телефон: 8718(37)6-42-94
Жұмыс уақыты: 9.00-17.00 /үзіліссіз/