«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясы

2019 жылғы 4 – 17 сәуір аралығында өтетін «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының аясында гимназияда түрлі іс-шаралар өткізілуде. Аталмыш кампания жалпы сап түзеуден басталды Мұнда 5-11 сынып оқушыларына Интернеттегі қауіп және алдын-алу шаралары жөнінде бейнеклип көрсетіліп, кері байланыс ретінде сол тақырыпта шағын диалог жүргізілді. Шара барысында 1-11 сынып оқушыларына «Қауіпсіз Интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және Қауіпсіз интернет», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сондай-ақ оқушыларды ақпараттандыру мақсатында мектеп фойесіндегі «Қауіпсіз интернет» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сондай ақ «Бұл палата ғаламтор желісінің оқушыларға берер пайдасы мол деп есептейді» тақырыбындағы пікір сайыс өтті. Гимназиямыздың "Қайсар" және "Асу" топтары өзара пікірсайысқа түсіп, ғаламтордың оқушы үшін пайдалы әрі зиянды жақтарының басымдықтарын дәлелдеуде бақ сынасты. Ойын қорытындысы бойынша 9ә сынып оқушыларынан құралған "Қайсар" тобы жеңіске жетті. Ал 9ә сынып оқушысы Баянбат Ерасыл мен 7ә сынып оқушысы Саипова Асем ҮЗДІК СПИКЕРЛЕР атанды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Болашақта пікірсайысшыларымыз жан жағына сын көзбен қарап, өзекті мәселелер бойынша өзіндік баға берудің майталманы боларына мол сенім білдіреміз.