Мектепішілік "Кіші Сәтбаев олимпиадасы"

10 сәуір күні гимназиямызда академик Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына орай "Жаратылыстану-математикалық бағыт" бойынша 5-7 сыныптар арасында мектепішілік "Кіші Сәтбаев олимпиадасы" өткізілді. Жалпы олимпиадаға 70 оқушы қатысып, 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орын - 7 оқушы, ІІ орын - 9 оқушы, ІІІ орын - 17 оқушы. Барлық жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Ғылым мен білім көкжиегінен көріне беріңдер.