Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған "Қаныш және Қазақстан" конференциясы
13-04-2019 13:15
Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған

Туған өлке тарихын әспеттеп, келер ұрпаққа жеткізу баршамыздың міндетіміз. Бұл жайында Елбасы"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында да ерекше атап көрсетті. Павлодар облысы тарихи тұлғалардың туған жері. Қазақстанға еңбегі сіңген көптеген ұлы адамдар, осы өңірден түлеп ұшты. Сондықтан жерлес академик, Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған "Қаныш және Қазақстан" конференциясының өткізілуі де заңдылық болар. Конференцияға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Конференцияда Жандарбек Акрам академиктің зор еңбегі мен артына қалдырған мол мұрасына тоқталса, Мұқышев Жанболат жерлес ғалым Шапық Шөкиннің зор еңбегін, ал Калиякбарова Гүлназ Әлкей Марғұланның ғылым жолындағы мол мұрасын таныстырып өтті. Сондай-ақ ғылым додасына түсіп, зерттеу ісімен айналысып жүрген жас зерттеушілер Олжабай Алтынгүл, Жәнібек Жансая Негманова Дария мен Омурбаева Адель, Тастемір Гүлзат өз жұмыстарын көпшілікке таныстырып өтті. Жалпы конференция ғалымдарымыздың орасан еңбегін тағы бір саралап, ғылым жолындағы дара жолына мақтанышпен қарауға жетеледі.Осы тағылымы мол шараны ұйымдастырған қазақ тілі пәні мұғалімі Нургалиева Дария Амантаевнаға алғысымызды білдіреміз.