Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық
13 мамыр күні гимназияда "Бастауыш білім беру сатысы мен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық" тақырыбында психолого-педагогикалық консилиум өтті. Мақсаты: 4-сынып оқушыларының орта буында оқуға дайындық жағдайын қарастыру, психолого-педагогикалық зерттеу нәтижесімен болашақ 5 сынып мұғалімдерін таныстыру, оқушыларға қолайлы жағдай тудыру мәселесін қарастыру. Сынып жетекшілері, психолог оқушылар жайында жан-жақты ақпарат берді, диагностикалық зерттеулер қорытындысын ұсынды. Пән мұғалімдері өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, оқушылармен жұмыс барысында ескерілетін жағдайларға назар аударды.