Павлодар облысы әкімінің жас зияткерлермен салтанатты кездесуі
«Дарынды бала - ұлттық құндылық» демекші, 22 мамыр Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бакауов облыстың дарынды оқушыларын марапаттау мақсатында кездесу өткізді. Осы марапатқа лайық деп танылған гимназиямыздың 10-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиетінен өткен Абай атындағы І Республикалық олимпиаданың І орын жүлдегері Батай Аружан кездесуге қатысты.
Аружан облыс әкімінің Алғыс хатына және 100 мың теңгенің сертификатына ие болды. Аружанға және жетекшісі Дария Амантайқызы Нургалиеваға келешекте талай білім додаларында толағай табыстар тілейміз!