ЖАС ТҮЛЕК - 2019
2019 жылғы 12 маусымда облыстың барлық мектептерінде мектепті бітіру кеші өтті. Гимназия қабырғасынан 20 түлегіміз болашаққа жолдама алды. Ақсу қаласы және Ақсу ауданының мектептерінің түлектеріне арналған салтанатты кеш Мемлекеттік рәміздер алаңында өтті. Ақсу қаласының әкімі Балғабай Жұмағұлұлы Ыбыраев барлық түлектерді салтанатты түрде құттықтап, түлектерге «Алтын белгі» төс белгісін және үздік аттестаты табыс етті. Салтанатты рәсімнен кейін дәстүр бойынша ата-аналар балаларымен мектеп вальсін биледі. Кештің соңында барлығы «Жұлдызды жаңбыр» мерекелік концертіне шақырылды.