«Тілдер айлығы» шеңберінде өткізілген іс-шара

Гимназияда өтіп жатқан «Тілдер айлығы» шеңберінде 12 қыркүйекте бастауыш сынып оқушыларына қазақ тіліндегі анимациялық фильмдер көрсету ұйымдастырылды. Балалардың жастайынан ұлттық құндылықтарға бай, қазақ тіліндегі мультфильмдерді көріп өсуінің маңызы зор. Бұл жолы балалар теңдессіз қара күштің иесі атанған Қажымұқан палуанға арналған «Қажымұқан» мультфильмін қызығушылықпен тамашалады.