Адалдық сағаты
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан осы бағыттағы шаралар мектеп табалдырығынан басталғаны жөн. 5 қараша күні гимназияда "Адалдық сағаты" шаралары ұйымдастырылып, оған "Павлодар кеден рәсімдеу орталығы" кеден бекетінің бас маманы Е.С. Нуркин, полиция инспекторы Хуан Раунгүл, ардагер ұстаздар қатысып, АДАЛДЫҚ, ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ, ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ туралы ойларымен бөлісіп, оқушылармен пікір алмасты. Оқушыларды жемқорлықсыз қоғам құруға шақырды.