ІІ Республикалық "Ділмар" атты шешендік өнер байқауы
Қазақтың шешендік өнерін, сөйлеу тілін терең танып білу мақсатында Алматы қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында ІІ Республикалық "Ділмар" атты шешендік өнер байқауы өтті. Сайысқа гимназиямыздың 9-сынып оқушысы Жәнібек Жансая, 10-сынып оқушылары Баянбат Ерасыл мен Хаманай Асхат қатысып, би - шешендердің толғауларын жатқа оқып, шешен де шебер сөйлеудің үлгісін дүйім жұрт алдында паш етті. Сайыс қорытындысы бойынша оқушыларымыз Алғыс хатпен марапатталды. Талантты шәкірттеріміздің талабына нұр жаусын. Жетекшілері Ақмарал Еркеновна Есенгожина және Асем Сембиевна Шапауова