"Көптілділік-полимәдени тұлға қалыптастырудың негізі" атты семинар
15 қараша күні гимназиямызда педагогикалық ұжымдардың өзара әрекеттестік және қолдау негізінде Май ауданы мұғалімдеріне "Көптілділік-полимәдени тұлға қалыптастырудың негізі" атты семинар өткізілді. Семинар аясында ағылшын тілінде физика, биология, химия және информатика пәндерінен ашық сабақтар, "АКТ-ның көмегімен оқытудағы жаңа әдістерді қолдану" атты коучинг және "Абай поэзиясы - әлем тілдерінде" атты әдеби кеш өткізілді. Семинар соңында қатысушылар өз пікірлері мен ойларын ортаға салды.