Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным
13 желтоқсан күні гимназиямызда Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным" атты салтанатты шара өтті. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып, осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында тағзым еткен шарада мектеп директорының міндетін атқарушы Дюсембаев Ә.К. барша ұстаздар, ата-аналар, оқушыларды құттықтап, қалалық олимпиада жүлдегерлерін марапаттады. Жеңіс пен Тәуелсіздіктің жемісін ту еткен оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, қуантты.