"Адалдық сағаты" республикалық акциясы
17 қаңтаркүні"Адалдық сағаты" республикалық акциясы аясында Ақсу қалалық сот маманы А. Иманбаева мен жасөспірімдер бойынша инспектор А. Калиева 8-11 сынып оқушыларына баяндама оқыды. Кездесуде қоғамдағы жемқорлықтың алдын алудың алғашқы қадамдары, адамгершілік қасиеттер мен өз ісіне деген жауапкершілік мәселесі қозғалды.