20-25 қаңтар аралығындагимназияның жылдық жоспарына сәйкес МИФ (математика, информатика, физика) апталығы өткізілді. Бұл шараның ашылуы оқушыларға қызықты тапсырманы орындап, сыйлыққа алмастыра алатын бірлік ұтып алудан басталды. Апталықтың екінші күні "Кино әлеміне саяхат" викториналық сайысы өтті. Бұл сайыста оқушылар алдын-ала көруге берілген фильм негізінде сұрақтарғажауап берді.Үшінші күні өткізілген "Кубик-рубик" сайысында оқушылар шапшандық, тиянақтылық, тез ойлау дағдыларын көрсете білді. МИФ апталығының соңғы күні 9-10 сыныптар арасында "Білгірлер мен білгіштер" интеллектуалдық ойыны өтті. Бұл шара Абайдың 175 жылдығына арналып, Абайдың дүниетанымының кеңдігіңе, философиялық көзқарасы жан-жақтылығына назар аударылды. Ойын барысында барлық қатысушылар терең білімің көрсетіп, 9 сынып оқушысы Жанибек Жансая жеңімпаз атанды. Апталықтың қорытындысы "Геометриялық сән" көрсетілімімен жалғасты. Кеш барысында жалпы апта бойы өткізілген сайыс, байқаулардың қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды.
МИФ (математика, информатика, физика) апталығы