Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық" онкүндігі
17-02-2020 09:01

3.02-13.02 күндері аралығында гимназияда "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық" онкүндігіө ткізілді. Онкүндік аясында жоспар бойынша келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. 6-ақпан күні мектеп психологы Назигуль Тусуповна ұжым мүшелерінің бірлігін, ұйымшылдығын арттыруға бағытталған тренинг өткізді. 7-ақпан күні "Жүректі жылытар мейірімділік"  концерті өтті. Оқушылар сабақта өткен дәйексөздер мен адамгершілік қасиеттер туралы ойларын ортаға салды. 10-ақпан күні "Жанымда жүр жақсы адам" мектеп қызметкерлерін құрметтеу күні ұйымдастырылды. Оқушылар қызметкерлерге арнап, концерт, тәтті дастархан әзірледі. Сондай-ақ 5-11 сынып оқушылары өздеріне бекітілген кабинеттердің еденін жуып, тазалық жұмыстарын жасады. "Жақсылықтың үлкен, кішісі болмайды" дегендей жанымыздағы адамдарға мұқият болайық, жақсылық жасайық.