Жаңа үлгідегі мектепішілік ата-аналар жиналысы
15 ақпан күні 5-10 сынып ата-аналарына жаңа үлгіде мектепішілік жиналыс өткізілді. Бұл форматтың ерекшелігі: әрбір пән бойынша ата-ана мұғалімге жеке жолығып, баласының білім сапасы, дайынғы, сабаққа қатысуы және бақылау жұмысын орындауы туралы толық ақпарат алып, өзін толғандыратын сауалдарды қоя алады. Сыныптарға "Оқушылардың жас ерекшелігін ескеру маңызы" атты психологпен бірлескен кездесу ұйымдастырылды. Жиналысқа қатысқан ата-аналар алғыстарын білдірді.