Ақсу қалалық соты мамандарымен кездесу
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жыл бойы гимназияда сынып сағаттары мен мемлекеттік қызметкерлер, ардагер ұстаздар т. б. еліне адал қызмет етіп келе жатқан азаматтармен кездесу дәстүрге айналды. 14 ақпан жоғары сынып оқушылары Ақсу қалалық соты мамандары Иманбаева Алия Казбековна, Шымырова Айгүл Абдрахимовнамен кездесті. Кездесу барысында қоғамдағы жемқорлыққа түрткі болатын мәселелер, оқушылардың көзқарасы мен болашақтағы әрекеттері туралы, сот жүйесіндегі жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әрекеттер мен мамандық таңдау тақырыптары қозғалды.