"Анаға қарап қыз өсер" атты шеберлік сағаты
Халқымыз әрқашан қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Кішкентайынан үй шаруасына бейімдеп, нәзіктікті әдептілікті, инабаттылықты бойына сіңірген. Бұл асыл қасиеттер ана сүтімен дарып, ана тәрбиесімен жалғасын табады. Әсіресе қыздарды тамақ дайындауға ерте жастан баулыған. Осыған орай 19 ақпанда 1-4 сынып қыз балалары үшін "Анаға қарап қыз өсер" атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатында аналар тоқаш пісіру, торт безендіру шеберліктерімен бөлісті. Бұл күні қыздарымыз тоқашты көбелек, жүрекше, гүл, бұрым, білезік формаларында жасауды үйреніп, тортты үш түрлі әдіспен безендіруді меңгерді.