Наурыз мерекесі қарсаңында гимназиямыздың 9-сынып оқушылары Павлодар қаласындағы, Қазақстанда алғашқы рет ашылған, «ERTIS» мультимедиалық мұражайына барып, заманауи технологиялармен жабдықталған мұражайда Ертіс-Баян өңірінің палеозой заманынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихымен танысты. Бұл мұрайжайдың ерекшелігі мультимедиалық құрылымында LED экрандары жұмыс істейтіні және графикалық панельдер арқылы әдемі көріністерді тамашалауға болатыны. Ертіс-Баян өнірінің ежелгі дәуірінің қамтыған мұражайға саяхат оқушылар үшін өте қызықты және танымды болды. Саяхаттан кейін оқушылар «Batyrmall» ойын-сауық орталығына барып, мұз айдынында конькимен сырғанап, фильм көріп қайтты. Демалысты сыныптастарымен әрі пайдалы, әрі көңілді өткізу неткен керемет.
«ERTIS» мультимедиалық мұражайына саяхат