"Үш тілділік білім беру - жаңашылдық бастауы" атты қалалық семинар
13 наурыз күні гимназиямызда үш тілде оқытуды іске асырып жатқан Ақсу қаласының білім мекемелерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Үш тілділік білім беру-жаңашылдық бастауы" атты қалалық семинар өткізілді. Семинар барысында осы бағытта жұмыс жасап жатқан тәжірибелі ұстаздар Кабылбекова А.С., Абылгазина Э.Т.,Муханова Ү.К.,Жахав Б., Атик Б.В. ашық сабақ және коучинг өткізді. Қалалық семинар Абайдың 175-жылдығына арналған "Абай-дара,Абай-дана қазақта" атты әдеби кешпен қорытындыланды. Шара барысында ұстаздар үш тілде білім беру тәжірибесімен таныса отырып, осы міндеттерді іске асыруда құнды кеңестер алып, алғыстарын білдірді.