Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізгелі отырған «Абай поэзиясы әлем тілдерінде» әдеби кеш
08-04-2020 21:56
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізгелі отырған  «Абай поэзиясы әлем тілдерінде» әдеби кеш

Мақсаты: Оқушыларға  Абайдың ұлы кемеңгер ақын екендігін түсіндіру. ХІХ

                    ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақынның қазақ халқы үшін  

                    дара да, дана ақын болғанын айту.

                   Абай туралы шығармашылығын, оның өлең, әндерін ортаға салу.

Көрнекілігі: Абай портреті. Бейнефильм.  Кітап көрмесі. Даналар сөзі.Слайдтар .

Мәнерлеп оқу           Фон Абайдың әні

     Мәнерлеп оқу  ( Еркежан, Толғанай, Аида, Асхат, Дария, Айтуар, Анель, Даяна, Аяжан, Айбат)

        Ерасыл қарасөзбен шығады (Абайдың рөлінде)

1 - жүргізуші:

                 Қайырлы күн! Құрметті қонақтар мен  ұстаздар!

                 Абай – дана, ғұламасы елімнің,

                 Абай ақын, мақтанышы жерімнің.

                 Абай атты бір данышпан болмаса,

                 Ақ – қарасын кім айырмақ өмірдің?!

2 – жүргізуші:

              Abai. Thus, fondly and with love the Kazakhs call one of their greatest sons.

              Abai was a great poet, musician, translator, philosopher and political activist.

              Abai had one of the most tragic natures in all Kazakh poetry.

               He was a wise man with an incurable sadness of the soul:

1-жүргізуші: Иә, Абай әке үмітін ақтаған, әке үмітін ғана емес, ел алдындағы  

                        өзінің перзенттік парызын толықтай орындаған ұлы да, дара тұлға.

2-жүргізуші: Произведения Абая вдохновляют молодое поколение казахов на   

               служение своему народу, поддерживают в нем стремление к  

               просвещению, знаниям, к развитию наций через культуру. Они всегда  

               актуальны. Жизнь Абая, «…который боролся с тысячами один», - пример  

               непреклонного поиска правды и справедливости для потомков.
 

              Сомнения нет, что цель творенья - мы,
              Что разума источник - мы
              И если мирозданье -перстень,
              То лучшее в нем украшение –мы.             

1-жүргізуші: Ендеше, қазақтың мақтанышы болған, әке алдында перзенттік  

                       парызын толықтай орындай білген Абайдай данамыздың 175  

                       жылдық мерейтойына орай өткізілгелі отырған «Абай поэзиясы әлем  

                       тілдерінде» атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер.                          

                                                     (Бірге айту)

1 жүргізуші Батуми қаласында өткен from «Georgia with love» байқауында                        

                      1-орын, Сочи қаласында өткен «Черноморский олимп» және   

                      Болгарияның Обзор қаласында өткен «Розы Обзора» байқауларының   

                      бас жүлде иегерлері Айгөлек үлгілі би ансамблін қарсы алыңыздар!

 
2-жүргізуші: Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса   

                       да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, Абай  

                       тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі,  

                       жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.


1-жүргізуші:

                Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені    

                таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен  

                 деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Ахмет  

                Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан  

                бұрын соңды заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,-  

                     деп аса жоғары баға қояды.

2- жүргізуші :
                    I myself strove to improve my mind,

               and knew no equal in eloquence!

               But my work is not valued among the people

               and I chose the peace of solitude in life.

1-жүргізуші:

                  Абай - сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 - дан астам әні       

                   бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген  

                   классикалық туындылар.


                 «Құлақтан кіріп, бойды алар,

                   Әсем ән мен тәтті күй

                   Көңілге түрлі ой салар
                   Әнді сүйсең, менше сүй»,- деп Абай атамыз айтқандай, кезекті Абай  

                   атамыздың әніне берейік.


Алдарыңызда  Сочи қаласында өткен «Қара теңіз жағалауы», Қырғызстанда өткен «На волне Иссыккуля»  халықаралық байқауларының бас жүлде иегері, Қазақстан патриоттар академиясының мүшесі Алимжанов Алибек «Көзімнің қарасы» әнімен. Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

                Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша  

                 шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір  

                 сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.
                 Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да    

                 бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы  

                - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры  

                  бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

 1-жүргізуші:

               Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын      

               танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді  

               Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. 

Ортаға «Би бала» республикалық және «Бала шабыты» халықаралық байқаулардың 1-орын иегерлері Айгөлек үлгілі би ансамблінің кіші тобын шақырамыз! 

 

2-жүргізуші:

             Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.
             Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір  

             сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық  

             түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге,  

             өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46 - сы  

             аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.

-Ерәлі (бірінші қарасөз)
-Абайдың 17 қара сөзі орыс тілінде (көрініс) (Солтан, Әлішер, Нұржан,   

  Жандос, Адина)


1-жүргізуші:

             Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша    

             шығармалары мен жалынды жырларының бетінен, әр жолынан, әрбір  

             сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай лебі,  

             Абай  үні- ана тынысы, заман тынысы, халық үні.

 

2-жүргізуші:

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен   9- сынып оқушысын Алпыспаева Дарияны сахна төріне шақырамыз.

1- жүргізуші:

           Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор  

           еңбек етті. Абай – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық  

          ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз  

          танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз. Абайдың  

          туғанына 175 жыл болса да, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған  

          нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр. Абай есімі мәңгі ұмытылмайды.

 

2-жүргізуші:

          Жүрегімнің түбіне терең бойла, 
          Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла 
          Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, 
          Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

«Айттым сәлем Қаламқас» Алимжанов Алибек

1-жүргізуші: Осымен әдеби кешіміз өз мәресіне жетті.

2-жүргізуші:  Назар қойып тыңдағандарыңызға

Екеуі бірге:Көптен - көп рахмет!