"Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация" онлайн саминар
Май ауданы білім беру бөлімімен бірлескен жоспарға сәйкес 16 сәуір күні директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Г. Бакирбекова онлайн семинар ұйымдастырды. Семинар тақырыбы: "Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация" және "Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысын жүзеге асыру". Мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен білім беру бөлімі маманы қатысқан семинарда тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы инновациялық әдіс-тәсілдер, әсіресе тәрбие жұмысын қашықтықтан ұйымдастыру мәселесі талқыланып, бірқатар ұсыныстар берілді.