
«Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» ММ-не 2020-2021 оқу жылына оқушыларды қабылдау туралы ақпарат
2020-2021 оқу жылына 1-сыныптар (қазақ тілінде) бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға 15 мамырдан 17 маусым (сағат 18.00-ге дейін) аралықтағы мерзімде өтініш қабылданады.
http://mektepaksu.bilimpavlodar.kz/ сайтында электронды форматта өтініш беру арқылы жүзеге асады («Мамандандырылған мектептерге түсу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш беру» қызметі.)
Сайтқа өтінішпен қоса төмендегі құжаттарды тіркеңіз:
Назар аударыңыз:
1) Көмпьютеріңізге NCALayer қамтамасыз ету бағдарламасын орнатыңыз;
2) Ата-ананың (заңды өкілдері) ЭЦҚ қажет болады;
3) Ата-ананың электрондық поштасы қажет болады;
4) Файлдың көлемі 5 Мб-тан аспауы тиіс. форматы:.pdf,.jpg,.rar,.zip,.png
2020 жылының 22-24 маусым аралығында (сағат 9.00-11.00-ге дейін) 1-сыныптарға қабылдауға конкурстық іріктеу жүргізіледі (қосымша кесте және уақыты берілетін болады).
Жоғарыда көрсетілген сайтта тіркелмеген балалар конкурсқа қатыса алмайды!
Қосымша мәліметті мына телефондар арқылы алуға болады: 871837-6-42-94, 87779392338 (сағ.9.00-16.00 дейін)