"Психологтың мектептегі дарынды, қабілетті оқушылармен жұмыс түрлері" атты семинар

Гимназияның Май ауданына кәсіптік қолдау және ынтымақтастық жоспарына сәйкес 18 мамыр күні мектеп психологтарына арналған семинар өтті. Тақырыбы: Психологтың мектептегі дарынды, қабілетті оқушылармен жұмыс түрлері. Семинар барысында қарастырылған сұрақтар: 1.Дарындылық. Оның түрлері. 2.Дарындылықты анықтаулың негізгі принциптері. Дарындылықты анықтауға арналған диагностикалық әдістемелер классификациясы. 3.Психодамытушылық бағдарламалар. Семинар соңында әріптестер өздерін толғандырған сұрақтар қойып, рефлексия жасалды.