25 мамыр күні гимназияда оқу жылының аяқталуына орай «Сыңғырла қоңырау сыңғыры» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға қалалық маслихат хатшысы Омаргалиев Мәдениет Қабылдаұлы, Ақсу қаласы білім бөлімінің әдіскері Қонақбаева Балжамал Сағиденқызы, ардагер ұстазымыз Қожабекова Рымкеш Нүриденқызы, ата-аналар қатысты. Келген қонақтар ұжымды, түлектермізді, ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Биылғы жылы 21 түлек гимназияны аяқтап, үлкен өмірге қанат қаққалы отыр. Түлектеріміздің алғашқы мұғалімі Қадырбаева Гүлжахан Райымқызы, сынып жетекшісі Муканова Бақытгүл Қадырқызы да түлектерге ақтық сыннан сүрінбей өтіп, егеменді Қазақстанның әрі қарай дамуы мен гүлденуге мол үлес қоса берулеріне тілектестік білдірді. Ал 11-сынып оқушылары болса,өздерінің кішкентай ізбасарлары 1- сынып оқушыларына білімнің қайнар бұлағы ертегілер мен энциклопедияны сыйға тартса, 11 жыл бойы білім нәрін берген ұстаздарына өздері шығарған өлең шумақтары мен гүл шоқтарын ұсынды. Салтанатты жиын түлектеріміздің әсем вальсімен, ата-аналардың ізгі ниетімен жалғасты. Салтанатты жиыннан соң түлектеріміз өздерінің арман-тілектері жазылған әсем шарларды көкке самғатты.