Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Дауыс бергендер саны: 1207
Нәтижені көру
Өзін-өзі тану пәнінен тест.
28-05-2013 13:08

6-сынып

1.Сұлтанмен жолдастық қарым-қатынасым бұдан былай үзіледі.Ол екеуімізідің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды..Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме-өзім есеп беріп,жақсы, жаман қылықтарымды осы дәптерге тізіп отырмын...Үзінді қай шығармадан?

  а)  «Менің атым Қожа»  Б.Соқпақбаев

  ә) «Шоқан» Г.Потанин

  б) «Тістелген алма»

2.Еңбекқорлық дегеніміз қандай қасиет?

а) Әр адамда болатын еңбектенумен,ізденіспен жетілетін қасиет

ә)Адамда жаңа білім,жаңа шеберлік, жаңа әдіс іздеуге жетелейтін қасиет

б) Адамның белгілі бір ғылым,өнер т.б салаларда ерекше жетістікке жетілуінен байқалатын қасиет

3.Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?

а)Адамың денсаулығына, жеке өміріне зиян келтіреді

ә)Адам талап,мақсат қойып, оны ізденіспен игеруі өзіне де,өзгеге де пайда келтіруі

б)Адамның білімі кеңейіпой-өрісі артады.

4.Адамды сұлу ететін не?

а)Бойының сұңғақ,сымбатты,қыр мұрынды,қарақат көз,кербез жүріс-тұрысы

ә)Адамның сәнді үлгіде киім киіп,қымбат әшекейлермен сәнденуінде

б)Адамның ішкі жандүниесінің тазалығы мен сыртқы ұыптылығы,әсемдігінің үйлесімділігі

5.Әдептілік адамның қандай іс-әрекетінен көрінеді

а)адамның өзге адамдармен өзара қарым-қатынасынан, мәдениеттілігінен, кішіпейілділігінен көрінеді

ә)Адамның сөйлеген сөзінен,өнерінен,талабынан көрінеді

б) Жұмысынан, өмірдегі жетістікке жетуінен көрінеді

6.Бауырмалдық деген қандай қасиет?

а) Жалпы жұртшылықты бауырына тарту,оларды жақын санап,қамқорлық көрсету.

ә) Адамдардың бір-бірін жақсы көруі,жанашырлығы,қамқорлығы

б)Екі дауап та дұрыс

7.Кеңпейілді адам деп қандай адамды айтамыз?

а) Айналасына жайлы,қолы ашық,пейілі  жақсы,жомарт адам

ә) Адамдардың бір-біріне қалтқысыз сеніп,бір мүдделі,ортақ көзқараста болуы

б) Адамдардың сыйластығы

8.«Жері шүйгін.Оты-суы мол,ғажайып бір өңірде төрт түлік малын мыңғыртқан,төрт құбыласы сай бір ел болыпты... осынау береке мен байлығы шалқыған елде жұртты аузына қаратқан бір хан болған екен..»

а) «Қасиет» С.бақбергенов

ә) «Бетпақдала» А.Сейдімбеков

б)   «Ақиқат» Қ.Толыбаев

9. Шындық дегеніміз не?Ол неден көрінеді? ақиқат деп нені айтамыз?

а)

ә)

б)

10. «Елдің елдігін сақтайтын- әдебиеті ,тарихы,салт-дәс түрі» кімнің сөзі?

а) А.Құнанбаев

ә) М.Әуезов

б)  М.Жұмабаев

5-сынып

1.      “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп,көріп,ұстап,татып білсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды. Сондықтан білгені,көргені көп адам есті болады...” Кімнің сөзі?

А) М.Әуезов;

Ә) А.Құнанбаев;

Б) Ш.Құдайбердиев;

      2. Жақсы мінез дегеніміз қандай болады?

А) Өзге адамдар арасында сыйлы, қадірлі, адамдардың сеніміне ие, әдепті адамға тән мінез;

Ә) Өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсуге қиналатын, тұйық, қырсық адамның мінезі;

б) Ұялшақ, бірақ өзгелерден гөрі өз пайдасын ойлайтын адамның мінезі;

      3. Адамның сұлулығын неден байқауға болады?

А) Оның ішкі жан сұлулығы мен сыртқы сүйкімділігінің сәйкестігінен;

Ә) Оның сыртқы сымбатының өзгелерден ерекшеленуінен;

Б) Оның сәнді үлгілермен киім киісінен.

      4.Адамға жақсы көңіл –күй не үшін қажет?

            А)Қоршаған адамдармен, достарымен жақсы қарым-қатынаста болу үшін;

Ә)Алға қойған мақсатына жету үшін, денсаулығының мықты болуы үшін;

Б) Екі жауап та дұрыс;

      5. Жақсылық жасаудың қандай пайдасы бар?

А) Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі жан дүниесінің байлығын,жан сұлулығын көрсетеді;

Ә) Таныстарың көбейіп, саған да жақсылық жасауы мүмкін;

Б) Жақсы қасиеттерің көбейеді;

      6. “Өзің біл. Тек қайдағы бір жалшы үшін басыңнан айрылатының өкінішті-ақ.... Құби қайтып келмейді. Сен өте адал, әділ адамсың,маған шын беріліп,бірнеше жыл қызмет еттің. Бірақ біз бір-бірімізге сөз бердік,айтқан сөз-атылған оқпен тең. Ендеше сенің басың алынады.” Қандай әңгімеден үзінді?

А) “Уәдешіл Алтай”Ә) “Аманат”Б) “Еңбек жемісі”

     7. Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?

а) мүмкін емес;

ә) Қыз бала мен ер балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады;

б) Қыз баланың мінезіне байланысты;

     8. “Оқу инемен құдық қазғандай” деген мақал не туралы айтылған?

а) қиындыққа шыдамды болу керек;

ә) білім өмірде ең маңызды нәрсе;

б) оқу көп еңбекті қажет етеді;

   9. “Әдеттегідей – зат пен алушылар аралығын бөліп тұратын жайма ұзын үстел жоқ. Керек заттың  барлығы да кең зал қапталындағы сөреде тұр. .. Ерланның мамасы да бара салып, төрт-бес шай алды. Қызық! Оған ешкім: “Қайда барасың ? Оны неге аласың?“-деген жоқ. Тіпті сатушы да көрінбейді...” Қандай әңгімеден үзінді?

            а) “Кімге сенім артуға болады?”.

            ә) Б.Тұрсынбаев. “Жаңа дүкенде”.

Б) М.Гумеров “Сенім”.

10.Әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін-өзі ұстай білу қандай қасиет?

            а) сабырлылық;

           ә) жомарттық;

            б) шыншылдық;