1-сынып ата-аналарымен онлайн семинар өткізілді
Мектепке алғаш келген балалар көптеген қиындықтар мен қобалжуларға тап болуы мүмкін. Сондықтан олардың мектепке бейімделуі қалыпты өтуі үшін отбасымен бірлесе әрекет ету маңызды. Ата-аналардың баланың қарым-қатынас пен жас ерекшеліктерін жете білуі көптеген мәселені шешуде көмегін тигізері анық. Осы мақсатта мектеп психологы Назигуль Тусуповна 1-сынып ата-аналарымен онлайн семинар ұйымдастырып, баланың күнін дұрыс ұйымдастыру бойынша кеңес берді.