10 қазан - Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні
10 қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында мектеп психологы Шаймарданова Н.Т. ұйымдастыруымен гимназиямызда 9-сынып оқушыларымен "Психикалық денсаулығым туралы сөйлесейік" деген тақырыпта онлайн конференция өтті. Балаларға психикалық денсаулық дегеніміз не және оны күтудің жолдары жөнінде ақыл-кеңестер берілді. Пікір алмасып, балалардың мазалаған сұрақтарына жауап берілді.
Сонымен қатар, 8-сынып оқушыларының ата-аналарымен "Жасөспірім балалардың психикалық денсаулығы" тақырыбында онлайн семинар өтті. Ата-аналарға баланың психикалық денсаулығына кері әсерін тигізетін факторлар және оларды болдырмаудың жолдары туралы ақпараттар берілді. Ата-аналарға жадынамалар таратылды.