"Кибербуллинг туралы әңгімелесейік" тақырыбында сынып сағаты

2020 жылы 4 қараша күні гимназия психологы Назигуль Тусуповна 5-7 сынып оқушыларымен "Кибербуллинг туралы әңгімелесейік" тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушылармен кибербуллинг ұғымы, қалжың мен келемеждің айырмашылығыжәне оның салдары, онлайн қысым көрсету, көмек сұрау, достармен қарым-қатынас және т.б. маңызды мәселелер туралы әңгіме жүргізіліп, пайдалы кеңестер берілді. Сондай-ақ кибербуллингке тап болған жағдайда көмектесетін орталықтар мен шұғыл телефондар таныстырылды.