«Қашықтықтан оқытуда онлайн платформаларының тиімділігі» тақырыбында семинар
2020 жылы 11 қараша күні ZOOM платформасы арқылы Май ауданы мен Аксу қаласының география пәні мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқытуда онлайн платформаларының тиімділігі» тақырыбында семинар өткізілді. «Географияны оқыту әдістемесі» орталығының жоспары бойынша ұйымдастырылып отырған семинарда гимназия мектебінің география пәні мұғалімі, республикалық «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы Альдекенова А.Т. өз тәжірибесімен бөлісіп, қашықтықтан оқытуда LearningApps, Online Test Pad, CORE, Microsoft Teams платформаларының тиімділігі жөнінде толық мәлімет берді.