"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында қорытынды ұжымдық семинар
10 желтоқсан күні "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында қорытынды ұжымдық семинар ұйымдастырылды. Гимназия психологы Назигүл Шаймарданова балаға қатысты қатігездік таныту жағдайларына, әлеуметтік желіден төнетін қауіп түрлеріне және салдарына, қатігездік көретін балаларды анықтау және көмек көрсету маңыздылығына кеңінен тоқтап, әріптестеріне кеңестер ұсынды.