Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
Гимназия оқушылары Үздіктер қатарында
21-12-2020 15:05
Гимназия оқушылары Үздіктер қатарында

Гимназиямыздың 1-сынып оқушылары Масалимова Ясмин мен Сәкен Нұрислам  "KazRobotics" спорттық және білім беру робототехникаcы федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық "ROBOBALAPAN-2020"  балалар шығармашылық фестивалінде үздіктер қатарынан көрініп, І орынды иеленді.

Фестиваль мақсаты: бүлдіршіндер арасында робототехникаға деген қызығушылықтарын арттыру, ата-ана- мұғалім мен балалардың бірлесе жұмыс жасауларына ықпал ету. Фестиваль  4-7 жас аралығында, 5 номинация бойынша өткізілген. Ясмин мен Нұрислам "Роботпен би"  номинациясы бойынша қатысып,  жоғары нәтиже көрсеткен. Аз уақыт аралығында бүлдіршіндердің қызығушылығын оятқан жетекшісі - Бибигуль Васильевна.

Бибигуль Васильевнаның оқушылары 2016 жылдан облыстық,  республикалық роботтехника сайыстарында  жүлделі орындарға ие болып жүр, сондай-ақ қашықтықтан оқу кезінде де Республикалық "Казроботикс-2020" сайысында оқушылары Жалешева Айым мен Аяна арнайы номинацияға ие болды.