25.01-29.01 аралығында МИФ апталығы өткізілді. Апталық аясында келесі іс-шаралар өткізілді.
26.01.2021 күні 5-7 сынып аралығында “Ең ақылды” интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойынға үш команда қатысты. Ойын 5 айналымнан тұрды. Бұл айналымдарда әртүрді тапсырмалар қамтылды: мақал-мәтелдерді толықтыру, сұрақтарға жауап беру, логикалық есептер. Нәтиже бойынша 2-топ: Амангельды Ералхан (7асынып), Төлеуханова Сабина (7а сынып), Жалешева Айым (7 а сынып) - ең жоғарғы ұпай жинап I орын иеленді. Ал қалған екі команда: 1-топНазымбеков Ридуан (5 сынып) , Жанатбекова Махаббат (5 сынып), Женыс Мансур (5 сынып) және 3-топСабабаев Жансар (6а сынып), Саду Ислам (6а сынып), Балжанова Айзере (7ә сынып) теңдей нәтиже көрсетіп, 2-орын алды.
28-қаңтар күні сағат 15.00-де химия пәнінен 8-сынып оқушылары арасында "Білгір химик - ХХІ ғасыр" интеллектуалды сайыс сабағы өтті. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Сынып 2 топқа бөлініп, өз білімдерін ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша Бірлік тобы жеңіске жетті.
"ХХІ ғасырдың білім беру платформасы"- тақырыбындағы онлайн курсына жарнама жасау бойынша І орын 8 сынып, ІІ орын 9әсынып, ІІІ орын 9а сыныбы марапатталады.
6а, 6ә сынып оқушылары арасында WordWall платформасы арқылы интелектуалды сайыс сабағы өтті. І орын 6ә сынып оқушысы Боранбай Джамиля, ІІ орын 6а сынып оқушысы Иглымхан Жанерке, ІІІ орын 6ә сынып оқушысы Ералиев Шыңғыс ие болды.
27-қаңтар күні ZOOM платфорамасында, гимназия түлегі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті зерттеу мен талдаудың физикалық – химиялық орталығы PhD докторы Хаиса Авчукирмен «Технократтық ұлт – деген ең алдымен, білімді ұлт»- тақырыбында онлайн кездесу өтті. Кездесуге гимназияның 8-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.