Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
География пәні бойынша оқушыларды олимпиада жұмыстарына бейімдеу
05-02-2021 14:43
География пәні бойынша оқушыларды олимпиада жұмыстарына бейімдеу

Гимназияда ашылған география орталығының жоспары негізінде 29.01 күні ZOOM платформасы арқылы облыстық география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәні бойынша оқушыларды олимпиада жұмыстарына бейімдеу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды гимназия директорының ғылым жөніндегі орынбасары Аккентаева К.М. жүргізді. Семинар барысында ағымдағы оқу жылындағы республикалық «Үздік педагог-2020» байқауының жүлдегерлері гимназияның география пәнінің мұғалімі Альдекенова А.Т. мен Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның география пәні мұғалімі Төлегенов С.Б. өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды олимпиадаға дайындау барысында қолданылып жатқан тиімді бағдарламалармен жұмыс істеу барысын түсіндіріп берді. Ұстаздар жұмыстарына қажетті құнды мәліметтер алғанын айта отырып, желілік қауымдастық арқылы оқушылар арасында пән бойынша олимпиадалар ұйымдастыру туралы айтылған ойға қолдау білдірді.