Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 388
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 133
Дауыс бергендер саны: 1206
Нәтижені көру
«Өзін-өзі тану: педагогика мен шығармашылық» онкүндігі апталығы
19-02-2021 20:56
«Өзін-өзі тану: педагогика мен шығармашылық» онкүндігі апталығы

8.02-12.02 аралығында «Өзін-өзі тану: педагогика мен шығармашылық» онкүндігі апталығы өткізілді.

Апталық аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

"Өзін-өзі тану: шығармашылық пен махаббат" онкүндігі аясында 1 сынып оқушылары әдептілік, сәлемдесудің сырын өлеңмен ашты.

2"Ә" сыныбында Г. Бакирбекова "Мейірімділік - асыл қасиет" тақырыбында өзін-өзі тану сабағын өткізді.

8 ақпан күні 7"а"сынып оқушыларымен "Шығармашылық пен махаббат падагогикасы" онкүндігі аясында "Барлығын жүрегіңмен өлше" деген тақырыпта өзін-өзі тану сабағы болып өтті. Сабақтың мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін ашып,оқушыларды ішкі жан-дүниесінің шексіз әсемдігі мен сырын тануға бағыттау. Сабақ барысында балаларға бейнематериалдар ұсынылды, жетелеуші сұрақтар қойылып, материалдық және рухани қажеттіліктер жайында әңгіме-сұхбаттар жүргізілді. Сабақты өткізген өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н. Т. Шаймарданова.

«Өзін-өзі тану: педагогика мен шығармашылық» онкүндігі аясында 5-8 сыныптар арасында "Барлығын жүрегіңмен өлше" атты өзін-өзі тану сабақтары болып өтті. Сабақ барысында балаларға Абай, Шәкәрім сияқты ойшыл ғұламаларымыздың өсиет сөздерінен мысалдар келтіріліп, бейнематериалдар ұсынылды. Балаларға рухани бай адамның ең алдымен әділ,мейірімді, және қанағатшыл болатындығын,осының бәрі жүректің тазалығынан екендіндігі жайында сөз қозғалды. Сұрақтар қойылып, бүгінгі өмірімізден түрлі мысалдар келтірілді, балалар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сабақтарды өткізген өзін тану мұғалімдері Н. Шаймарданова мен М. Кушова.