2020-2021 оқу жылының 15-19 ақпан аралығында Бастауыш әдістеме бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың алғашқы күні қазақтың ақииық ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналды. Бұл күні «Мұқағали оқулары» деп аталып, әр сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, ақын өлеңдерін жатқа оқу ұйымдастырылды. Апталықтың екінші күні зерттеу және ізденіске арналды. 3а-сынып оқушылары «Мен тұратын көшенің атауы» тақырыбында ізденіс жұмыстарын ұсынды. Әр сыныпта қызықты тәжірибелер, зерттеулер жүргізіліп, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға көңіл бөлінді. Үшінші күн зияткерлік ойындарға арналды. 3-4 сынып оқушыларымен «Білгірлер мен білімділер», «Қазақстан болашағы білімді ұрпағында» тақырыптарында зияткерлік ойындар өтті. Бірнеше кезеңдерден тұратын сайыс барысында оқушылар,жұмбақ шешіп, мақал, нақыл сөздер мән-мағынасын ашып, бәйге сұрақтарына жылдам әрі дұрыс жауап беруге тырысып бақты. Түрлі басқатырғылар шешіп, шығармашылық тапсырмалар орындады. Ағылшын тілінде де викторина ұйымдастырылды. Өткізілген сайысқа балалар өте белсенді ат салысты. Келесі күн «Ертегі айта білемін», «Мықты болсаң,тауып көр!» деп аталды. Бұл күні оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, оқылым,тыңдалым дағдыларын дамыту көзделді. Өздері оқыған ең қызықты ертегіні айтып беру тапсырылды.
Сонымен қатар жұмбақ құрастырып айту - балалардың ой-өрісін, тілін, қиялы мен шығармашылығын дамытуға бағытталды. Дерексіз ұғымдарды жұмбақтап айту, көлеңкесі бойынша бейнені толықтырып салу секілді тапсырмаларды балалар өте белсенділікпен орындады. Апталықтың соңғы күні өткізілген шаралар қорытындысы шығарылып, апталыққа белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Апталық жоспары мен күнделікті өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат жас тілшілердің хабарлауымен әлеуметтік желіде таратылды.